Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылша ауруының алдын алу шаралары

Қызылша ауруының алдын алу шаралары

Республика, облыс, аудан көлемінде қызылша ауруынан эпидемиологиялық ахуал күрделеніп отыр. Арал ауданында қазіргі таңда 2024 жылдың басынан бері қызылша ауруының 30 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларсаны -26, яғни жалпы ауырғандардың 86,6 пайызын құрап отыр.
Қызылша - кең таралған жіті инфекциялық ауру. Ауру үш кезеңнен тұрады: катаральды, бөртпе кезеңі және пигментация кезеңі. 1. Қызылшаның алғашқы кезеңдері катаральды кезеңде көрінеді. Бұл кезең ұзаққа созыдмайды, тек 3-5 күн және алғашқы нақты белгілердің пайда болуымен сипатталады: ұйқышылдықпен тез шаршау пайда болады. Жөтел және мұрыннан су ағу пайда болуы мүмкін, сонымен қатар дене температурасы аздап көтерілуі мүмкін. Бұл кезеңде қызылшаның негізгі симптомы – тістердің түбінде, ауызда ерекше бөртпенің пайда болуы. Бұл дақтардың болуы ауруды ерте диагностикалауға және қажет болған жағдайда баланы уақытылы оқшаулауға көмектеседі.
2. Бөртпелер кезеңі катаральды кезеңмен ауыстырылады. Ол бастапқыда құлақтың артында және шаштың өсу аймағында бас терісінде пайда болады, бетке, мойын аймағына және кеудеге таралады. Екінші күні иықтың, қолдың, арқаның, іштің терісі бөртпемен жабылады, үшінші күні саусақтарды қоса, төменгі аяқтарғак таралады.
3. Пигментация кезеңі. Бөртпе пайда болғаннан бастап 3-4 күн ішінде жағдай жақсарады. Температура қалыпқа келеді, бөртпе жоғалады, пигментация қалады.( ол да уақыт өте келе жойылады). Қалпына келтіру кезінде ұйқышылдық, ашуланшақтық және шаршаудың жоғарылауы қалады.
Қазіргі қызылшамен ауырған жасқа толмаған және 5 жасқа дейінгі балаларда ауру ауыр клиникалық белгілерімен ерекшеленуде, дене қызуының жоғары температураға дейін көтерілуі, соның салдарынан балаларда тырысу белгілерінің пайда болуы, өкпеде қабыну белгілерінің жиілеуі, жалпы иммуниттетті әлсіретуі, соның салдарынан басқа да созылмалы ауруларды қоздыру қаупі ұлғаюда.
Егер бұрын қызылшамен ауырмаған немесе қызылшаға қарсы екпе алмаған адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары. Сол үшінде қызылша ауруынан сақтанудың тиімді жолы - 1 жасында және 6 жасында қызылшаға қарсы жоспарлы егу шараларын жасату. Сонымен қатар 30 жасқа дейінгі қызылшаға қарсы егілмеген, егілгені жөнінде дерегі жоқ адамдар да қызылшаға қарсы егілуге тиіс.
Қазіргі кезде жасқа толмаған және 5 жасқа дейінгі балалар арасында ауру деңгейін азайту, осы жастағы балаларды қызылша ауруынан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01 қараша 2023 ж. №7 қаулысына сәйкес аудан бойынша 6 ай мен 10 ай 29 күн аралығындағы балаларға және бұрын қызылшаға қарсы егілгеніне қарамастан 2 - 4 жас 11 ай 29 күн аралығындағы балаларға қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке қарсы егу шаралары жүргізілуде.
Арал ауданында қызылшаға қарсы егу шарасына 6 ай мен 10 ай 29 күн аралығындағы 1125 бала жоспарланып, бүгінгі таңға 1054 бала егіліп, қамту пайызы 93,7 пайызды құраса, 2-4 жас 11 ай 29 күн аралығындағы 5250 бала жоспарланып, 4822 бала егілді, яғни 91,8 пайыз қамтылды. Егу шаралары неғұрлым ерте аяқталса, егу шарасынан соң 21-28 күнде балалардың ағзасында қызылша ауруына қарсы тұру қабілеті қалыптасады.
Егу шарасына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификатын алған вакцина қолданылады.
Қызылша ауруының алдын алу шараларына мән беріп, Өздеріңізді және балаларыңызды қызылша ауруынан қорғаңыздар!
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы

Фото: ​egemen.kz​​​ 
15 қаңтар 2024 ж. 360 0