Иммунитетті жақсартуға көмектесетін 9 ереже
Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында иммунитетті көтеруге көмектесетін кеңестер берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түрлі аурулармен тиімді күресу үшін иммунитеттің жақсы жұмыс істеуі маңызды. Ал оның жұмысына көмектесу үшін қарапайым ережелерді сақтау жеткілікті.
Маманның айтуынша, мына ережелерді сақтау иммунитетті көтереді.
Іштей де, сырттай да күшті болу;
Дұрыс тамақтану;
8 сағаттық қалыпты ұйқы режимін сақтау;
Демалып тұру;
Күйзеліспен жұмыс істеу;
Физикалық белсенді болу;
Гормондарды реттеу;
Жылына кем дегенде 3 рет тексеріліп тұру;
Иммунитетке көмектесетін өнімдерді тұтыну.
Иммунитетті көтеруге қандай өнімдер көмектеседі?
Ұлжалғас Сманова иммунитетті көтеру үшін рационға мына өнімдерді қосуға кеңес берді:
Алоэ
Алоэ шырыны ағзаны тазалап қана қоймай, иммуниетті көтереді. Асқорыту жолдарын дұрыстап, қажетті элементтердің сіңуін жылдамадатады.
С дәруменіне бай өнімдер
Бұл ең күшті антиоксидант. Ағзадан бос радикалдарды шығарады. Иммунитетті көтеруге көмектеседі. Асжапырақ, итмұрын, ақжелкен, шырғанақ және ананас құрамында С дәрумені өте көп.
Зімбір
Зімбірден жасалған шөп шай ағзадағы микробты жояды. Сонымен қатар оның антибактериалды, антивирусты, антипаразиттік қасиеттері бар.
Түймедақ
Түймедақ жақсы тыныштандырады. Оны тіпті ингаляция, компресс және ваннаға қолдануға болады.
Фото: Ашық дереккөз