19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
![](/uploads/posts/2024-01/1705638853_1.jpg)
Синоптиктердің болжамына сәйкес, мұндай ауа райына кең ауқымды антициклон әсер етеді.
Елдің тек батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аудандарында атмосфералық фронттардың өтуімен құбылмалы ауа райы болжанады – қар жауып, жаяу бұрқасын болады.
Қазақстанның барлық аумағында – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Фото: ашық дереккөз