Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жария тыңдау өткізілді

Жария тыңдау өткізілді

Кәсіпкерлік Кодекстің 124-6-бабының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу Қағидаларының талаптарына сәйкес алдағы уақытта реттелетін қызмет бағаларының көтерілетіні туралы ақпаратты қарау кезінде жария тыңдаулар міндетті түрде өткізіледі.
2024 жылдың 24 қаңтарында Департаментпен «Дәулетэнерго» ЖШС-нің ақпаратын қарау кезінде жария тыңдау өткізді. Жария тыңдауға депутаттар, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының. үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және тұтынушылар қатысты.
Электр энергиясы бағасының өзгеруінің негізгі себептері 2023 жылғы 1 шілдеден бірыңғай сатып алушы және нарық теңгерімдеуші механизімін енгізілуі, электр энергиясын тасымалдау тарифтерінің «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның 12,8 пайызға және «ҚЭТТК» АҚ-ның 20,0 пайызға өзгеруі, жабдықтаушы үстеме ақы мөлшерінің 1 кВт. сағатқа 0,84 теңгеден 1,30 теңгеге артуы болып табылады.
Осыған байланысты, 2023 жылғы 29 желтоқсанда «Дәулетэнерго» ЖШС-і электр энергиясымен жабдықтау қызметі бағасының алдағы уақытта көтеру туралы ақпаратты ұсынады.
«Дәулетэнерго» ЖШС-нің электрмен жабдықтау қызметінің жобалық орташа босату бағасы қолданыстағы ҚҚС-сыз 1 кВт.сағ 21,13 теңгенің орнына ҚҚС-сыз 1 кВт.сағ 24,89 теңгені құрады немесе 17,8 пайызға өзгеруімен.
Қазіргі кезде, Департаментпен бағалардың өзгеруіне негіздеуге ұсынылаған құжаттарға сараптама жүргізілуде. Сонымен бірге, Департаментпен тұрғындарға тариф жүктемесін азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.
Өткізіліп отырған жария тыңдаудың қорытындысы бойынша айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, Департаментпен соңғы шешім 2024 жылғы 7 ақпанда қабылданады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи
монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
26 қаңтар 2024 ж. 247 0