Мемлекеттік сатып алу жүйесі автоматтандырылды

- Мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру мақсатында былтыр
ҚР Қаржы министрлігіне 94 ұсыныс жолданды. Соның ішінде, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға веб-порталмен қойылған артық талапты алып тастау жөніндегі ұсыныс қолдау тапты. Былтыр мемлекеттік сатып алу саласында республикада бірінші болып енгізілген бір облыста – бір ұйымдастырушы тәсілінің қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, осы салада заң бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қала, аудан әкімдіктері және облыстық басқарма қызметкерлерінің қатысуымен 160 іс шара өткізілді. Аталмыш шаралардың нәтижесінде, ішкі мемлекеттік аудит органдарымен келтірілген камералдық хабарламалар саны 15 пайызға азайды. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу саласында әкімшілік құқық бұзушылық 40 пайызға, ал әкімшілік айыппұл көлемі 62 пайызға дейін төмендеді, - деді басқарма басшысы.
Айта кету керек, былтыр мемлекеттік сатып алу саласында 5 260 конкурс жарияланған. Тиісінше, көрсеткіш 2022 жыл мен салыстырғанда 43 пайызға артып отыр. Жарияланған конкурстардың 2002-і жұмыстарға, 1 614-і қызметтерге, 1 644-і тауарларға тиесілі.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі