Алтын қолды ару

2007 жылы №83 орта мектептің 9 сыныбын бітірген Нұргүл Арал көпсалалы колледжінің «Электронды есептеу ма¬шинасының операторы» мамандығына оқуға түс¬іп, 2010 жылы диплом алып шыққан. Алайда айналасындағы адамдарға жан шуағын шашу¬ды жаны қалайтын бой-жеткен Алматы қаласындағы «Рахат» оқу орталы¬ғында оқып, «Кәсіби ба-лалар массажы» маман¬дығын игерді.
Тәні дерт¬ті балалар¬дың тез сауығып, сала¬матты өмірге тез бейім¬дел-уіне орасан көп еңбек етті. Қайсар да талапкер ол массаж жасау деңгейін көтеру мақсатында Аста¬на, Алматы, Орал қала¬ларында кәсіби дағды-ларын жетілдіріп, «Клас¬сикалық массаж», «Лого¬педиялық массаж» бой¬ын-ша білімін көтеріп, сертификаттар алып ту¬ған жерінде қызмет ая¬сын кеңейтті.
Дертіне дауа іздеп, ал¬дына келген науқас¬тарға қол шипасын берді, сон¬ымен бірге жылы сөзімен жүрек¬теріне нұр құйған Нұргүлдің кәсіби жоғарғы деңгейі оны емделушілердің риясыз алғы¬сына бөледі, түрлі марапаттарға қол жеткізді. Арал ауданы бойынша «Жыл таңдауы – 2021» қорытындысында ең үздік атан¬ып, «Массаж мастері» атағын иемденген.
Ал 2023 жылы Орал қала¬сында өткен «Super Star» шығар¬машылық орталығы ұйым¬дастырған республикалық жыл үздігін таңдау шарасында «Үздік массаж маманы-2023» атанды. Мамандығы бойынша мәртебесі асқақтаған озат маман «Арал-Ару Ана» қоғамдық бірлесті¬гінің, «Ана үйі» қоғамдық қоры¬ның Алғыс хаттарына ие болды, «QAZAQSTAN ARDAGERI» қауымдастығы кеңесінің шеші¬мімен Бауыржан Момышұлы-ның «Батыр шапағаты» медальін кеудесіне тақты. Ал бұл мара¬патты Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері Аягүл Төреқызы Мира¬зованың қолынан алғаны жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатады. Өзі үшін ең жоғары саналатын бұл марапатты ол әрдайым мақтанышпен айтып отырады.
Табысты ана өз кәсібінің қас шебері ретінде 8 жыл ішінде он мыңдаған сырқат адамның тәні мен ағзасының дертін сылап шы¬ғарды, алдына келген 200-ге жуық үгуші болуға талаптыларды бау¬лыды. Әрине, кәсіп иесінің табысты болуы оның жетік білік¬тілігіне, табанды еңбекқорлы-ғына, ізденісіне, өз ісіне шынайы берілгендігіне байланысты екен¬ін санасына сіңірген ол алға қойған мақсатына сай үнемі ізденіп, жаңашылдыққа ұмтылып келеді.
Жүзінен мейірім төгілген Нұр¬гүл Сақташқызы туған жердің бір перзенті ретінде аудандағы қайы¬рымдылық шараларына да жиі қатысып отыруды адамгершілік борышым мен парызым деп біле¬ді. Өткен жылы ерекше балаларды, олардың қамкөңіл ата-ана¬ларын қолдау мақсатында «Сен жалғыз емессің» атты шара ұйымдастырып, тілеулестерінің қолдауымен мыңға жуық баланы қуанышқа бөледі. «Бар мейріміміз балаларға» атты шараға «Арал Аниматорымен» бірлесіп қаты¬сып, жәутеңкөз балдырғандар¬дың шаттығына шаттық қосты. «25 Қазан-Қарттар күні» 25 еңбек ардагеріне дастарқан дайып, сый-құрмет көрсетіп, ақ баталарын алды.
Ол алдағы уақытта да халыққа сапалы да шипалы массаж жасай беруді жалғастыра бермек. Мас¬саж кабинетін заманауи талап¬тарға сәйкес жарақтандырып, қызмет ауқымын ұлғайтуды мұр¬ат етеді.
Оның «Махаббат пен кәсіп – өмір құндылықтарының негізгі бөлшегі. Ал сүйікті жұмыс махаббаттың ерекше түрі» деген ұстанымы бар. Осы айнымас қағидаты үнемі биіктерге жете¬лейді.
«Әлем бізбен әдемі» атты кәсіп бастағалы жүрген қыз-келіншектерді қолдау мақсатында іс шара ұйымдас¬тырып, ол өзін тәлімгер ретінде де танытып жүр.
Нұргүлдің бойындағы жақсы қасиеттерді әріптестері былай¬ша сипаттайды: «Ол ерекше еңбекқор және де өзгелерге көмек қолын созудан тартын¬байды. Ол – жолы ашық жан, адамдардың бәріне тек қана жақсылық тілейді. Өз білгенін ақыл-пұлсыз үйретеді, дастарқаны үнемі жаюлы, қонақшыл. Ғаріп жандарға садақа беруді ұнатады. Дос-құрбыға, ақшаға адал».
Нұргүл – өз ортасының қадірмені, өз әріптес¬терімен, айналасын-дағылар¬мен жақсы сыйласады. Он¬ың жұмыс кабинетінің ажар¬ын өз еңбегінің жемісі рет¬інде алған әртүрлі Алғыс хат¬тары ашып тұр. Ал өзі ең үлкен алатын алғысым науқастардың шынайы жет¬кізген ризашылығы деп біле¬ді.
Арал өңіріндегі қоғам¬дық ортада белсенділігі, өзіндік көзқарасы, жақсы талғамы бар оны ауданда өтетін «Келіні жақсының керегесі алтын», «Бұрымды қыз», тағы басқа мәдени-көпшілік шараларға әділқа¬зылық, төрелік етуге және де демеушілік жасауға жиі шақырады.
Өз кәсібінің қалыптас¬қан белгілі шебері, тәжіри¬бесі барынша толысқан, білімі мен білігін алдыға оздырған Нұргүл Сақташ¬қызының жас ұрпаққа айт¬ар өсиеті мынау:
«Жастар, Сіздер келешектің кемел тұлғасысыздар. Отанды сүю отбасынан басталады. Жан¬ұяларыңдағы бауырларыңды және айналадағы туыс-жақындарыңды жақсы көріңіздер! Олар¬дың әрқайсысына арқа сүйер болар тұлғамын деп біліңдер!
Қарбаласы көп өмірде жан¬ың¬дағыларға, айнала ортаңа ізгіл¬ікпен қара, бойыңнан махаб¬бат сезімін әсте өшіріп алма. Ата-анаңның қадіріне жете біл!
Бала¬лары жыламайтын, жан¬ұяны сезініп өсетін бүтін отбасы болу¬ды жауапкершілігіңе ал! Ата-ананың көзайымы болатын иман¬ды ұрпақ өсір!»
Айдынды өңір аруы Нұргүл Сақташқызының осынау алдына келген әрбір жанға алғаусыз жанашырлықпен адал қызмет етсем деген асқақ та алғаусыз мақсат-мұраты жүзі сынық, жаны жабырқау жерлес¬терінің жүректеріне алтын сәу¬ледей боп еніп, жандарын жады¬рата бере¬ті¬ні анық.
Талапкерлігі мен іскерлігі, кәсіби біліктілігі мен ізденім¬паздығы, қайырымдылығы мен мейірімділігі ерекшелейтін алтын қолды ару осындай жан!
Ерғали АБДУЛЛА