Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құтырма туралы не білеміз ?

Құтырма туралы не білеміз ?

Құтырма - зоонозды,табиғи ошақты, адамдар мен жануарларға ортақ аса қауіпті вирустық жұқпалы ауру, орталық жүйке жүйесінің зақымдауымен ерекшеленетін, ақыр соңында әрқашанда өліммен аяқталатын жұқпалы ауру.
Арал ауданы тұрғындары арасында соңғы рет 2013-2014 жылдары екі құтырма ауруы тіркелді, екеуі де құтырма ауруынан қайтыс болды.
Құтырма ауруы облыс көлемінде соңғы жылдары тіркелмегенмен, адамдар арасында әртүрлі жануарлардан жарақат алып, дәрігерлік көмекке жүгінушілер саны жылдан -жылға өсе түсуде. 2023 жылы ауданда үй жанаурлары, онын ішінде үсақ малдар арасында 1 жағдай орын алды, жеке қожалығындағы ауру малмен тығыз байланыста болған тұрғындар құтырмаға қарсы уақытылы, үзбей профилактикалық екпелерін алу себепті, адамдар арасында ауру тіркелген жоқ, Құтырмаға қарсы екпенің маңыздылығы өте жоғары. Ауданда түрлі жануарлардан жарақат алып 2023 жылы -179 адам медициналық көмекке жүгініп, толық құтырмаға қарсы профилактикалық екпелерин алды. 2024 жылы қантар, ақпан айларында 18 адамды иттер мен мысықтар жарақаттау жағдайлары тіркелді, барлығыда уақытылы медициналық емін алуда.
Құтырма ауруы жылдың барлық мезгілінде тіркеледі. Әсіресе, жануарлардың күйек мерзімі аурудың өршу кезеңімен сәйкес келеді.
Құтырма ауруының қоздырғышы -вирус сілекейде, сонымен қатар көздің жасында, кіші дәретте анықталады. Вирус төменгі температурада төзімді, әдеттегі физикалық, химиялық факторлардың әсерімен оңай жойылады.
Инфекция көзі -жабайы және үй жануарлары. Ауру қоздырғышы вирус ет қоректі жабайы ит туыстығына жататын жануарлар (қасқыр,түлкі,қорқау қасқыр, т.с.с) арасында айналыста болады. Бұлардан басқа инфекция көзі мысық тәрізділер, жарқанаттар, кунь тәрізділер. Жабайы жануарлардан вирус үй жануарларына, негізінен иттерге беріледі. Иттермен қатар құтырумен мысықтар және басқа адам жанындағы жануарлар ауырады. Құтырманың вирусы жабайы жануарлардың сілекейінде 100 пайыз, ауылшаруашылығы жануарларында 50 пайызында болады. Сондықтан жабайы жануарлардың жарақат салу жағдайы адамдарға қауіпті болып саналады. Құтыруға шалдыққандардың 70-75% үй жануарларынан (негізінен қаңғыбас иттерден) залалданғандар, жабайы жануарлардан залалдану 30 %-ға жуығын құрайды. Иттер құтыру белгісі пайда болғаннан кейін 9-10 күнде,ал мысықтар 2-4 күнде өледі. Ауру адам айналасы үшін қауіпсіз.
Құтырма адамға тек жануарлар жарақат салған кезде ғана емес, тырналған және сілекейленген жағдайда да жұғады, себебі, вирустың көлемі өте кішкентай, жарақаты жоқ теріден де өтіп кетеді. Қоздырғыштың адам ағзасына еніп, клиникалық көріністер беруі 8-10 күннен 40 күнге дейін, сирек жағдайларда 3 айдан 1 жылға дейін созылуы мүмкін. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы жарақаттың орнына, ауырлығына, зақымданушының жасына, ауру жануардың түріне байланысты.
Құтырманың алдын алу шаралары:
1.Қазақстан Республикасының 30.12.2021ж. №97 «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы шығарылып, 2022 жылдың наурыз айынан бастап күшіне енді, осы Заң талаптарына сәйкес енді қаңғыбас ит-мысықтар жойылмайды, тек ауланып, арнайы уақытша ұстау пункттерінде ұсталады
2.Ауылшаруашылығы жануарларына, жеке қожалықтағы ит-мысықтарға, малдарға мал дәрігерлік құжат алып, құтырмаға қарсы екпе жасату керек
3.Тұрғындар өздерінің жеке қожалығындағы иттерді аулада байлап ұстап, көшеге қарғыбау байлап, тұмсыққап кигізіп алып шығу шарт.
4. Әр түрлі жануарлар сілекейлеген, жарақаттаған жағдайда зардап шегуші жарақатты сабынды сумен 10-15 минут жақсылап жуып, міндетті түрде дәрігерге көрінуі қажет. Дәрігер тағайындаған құтырмаға қарсы егу шараларын кестеге сәйкес мерзімді уақытында үзбей алуы тиіс.
Құрметті аудан тұрғындары! Құтырма ауруынан сақтанудын бірден бір жолы профилактикалық егу шаралары екендігін еске саламыз.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы : 

фото: ​www.gov.kz​​​
06 наурыз 2024 ж. 325 0