Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әсемдік келеді екен әйелменен

Әсемдік келеді екен әйелменен

Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі Азат Балмырзаеваға:
Жадырап кетті десем әлем неден,
Әсемдік келеді екен әйелменен.
Құттықтауым арналсын нәзік жанға,
Ерлерден кем емесін дәлелдеген.

Жаһанға тарту етіп тамашаны,
Асқақ еткен сіздерсіз аласаны.
Азаттық таңы әлдилеп тұрған шақта,
Азаттың төрге озғаны жарасады.

Құлпырған Сыр бойының гүліндей боп,
Жыр арнадық биіктен көрінгей деп.
Халықтың бөленіңіз алғысына,
Көңіліңіз шалқып Қамбаш көліндей боп.
О. ЖОЛДАСОВ 
08 наурыз 2024 ж. 189 0