Республикалық маңызы бар автожол жабылды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Атап айтқанда, "Доссор-Құлсары-Ақтау" республикалық маңызы бар автожолының 103-104 шақырымында Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты автожол арқылы су тасқыны орын алды. 4-119 учаскелері автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.
Жергілікті атқарушы орган және аудандық полиция бөлімі күштерімен кезекшілік ұйымдастырылды.
Ескерту белгілері орнатылды.
Фото: baq.kz