Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық-саулық негізі

Тазалық-саулық негізі

Біздің әрқайсысымыз деніміздің саулығын,ғұмырлы болуды армандаймыз.Тазалық бар жерде,жақсы өмір болатынында білеміз.Өмірімізде бұл сөздің алар орны өте маңызды.Жаны таза адамның көзқарасы,сөз саптауы,ойыда ерекше болады.Жалпы адамның ішкі жан дүниесі,сыртқы келбеті де таза болу керек.Себебі: жан дүниенің тазалығы абыройыңды,ал келбетінің тазалығы өз жүрген ортаңда әдемі етіп көрсетеді.Ауданымызда бұл мәселе жолға қойылған деп мақтанар едім.Жылдан -жылға,көшелер асфальт алып,қоқыстар көшеге төгілмей,арнайы қоқыс жәшігіне төгілетін,көшелерді Еңбекпен қамту орталығының жұмысшылары тазалап жатқан әдемі көріністер орын алуда.Біз тазалықтың өзі кішкентай шашылған қағазды,пластмассалық құтыны қоқыс салатын жәшікке салудан басталады деп ойлаймын.Үлкен қоқыс-кішкентай шашылған заттардан басталады дер едім.Айналамызды таза ұстау,кез-келген адамзаттың міндеті.Айналаң таза болса,табиғаттың сұлулығын тамашалай аласың.Тазалық-денсаулық кепілі деп бекер айтылмағандай.Ауданымызда сенбіліктер де жиі болады.Міне көктем айында жеттік!Күн жылып,тұрғындар өз үйлерінің айналасын тазалап,кейбірі керексіз заттарды жинастырып қызу жұмыс үстінде.Жылдың төрт мезгіліде өз қызығымен керемет көрініс береді.Айтқандарымыздың бәрі тазалықтың тармақтары.Ата-бабамыз қалдырған Жер ананы қадірлейік,табиғатымызды бүлдіріп,ластамайық.Табиғатты аялайық.Табиғаттың адамдарсыз күні жоқ.Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Мәншүк Талғатқызы,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 3 курс студенті
05 сәуір 2024 ж. 344 0