Көше тазалығына жүрдім-бардым қарамаған жөн

Әрине, "өз күніңді өзің көр" дегенді ұран еткендер тек өз дүниесін ғана таза ұстауға машықтанады. Оларға ортақ меншік деген ұғым жат. Әйтпесе, ауласындағы қоқысты көшеге ысыра салу кімге опа береді? Бізде қалыптасқан бір қасиет осы. Аулам таза болса, көшені тазалайтындар бар ғой.
"Көшесіне қарап тұрғынын таны" деген тәмсіл бар. Ал тазалық бұл нақылдың құрамдас бөлшегі. Сіздің көшеңіз – сіздің айнаңыз. Үйдегі айнаның бетін ағал-жағал күйде қоймайсыз ғой. Жалтырап тұруы үшін жиі бетін сүртесіз. Сол сықылды көшенің де тазалығын ойлап қойған абзал.
Ә. Танымбетов
Арал қалалық ардагерлер кеңесінің төрaғасы