Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Семейде жеке меншікке сатылып кеткен көше мемлекетке қайтарылды

Семейде жеке меншікке сатылып кеткен көше мемлекетке қайтарылды

Қаланың бас жоспарына енген Шоқан Уәлиханов атындағы көше сатылып кетіп, жер комиссиясының өрескел қателікке жол бергені анықталды. Ешқандай сауда дүкендері қойылмай ашық болуы керек көше жеке меншікке өтіп кетіп, заңға қайшылық тудырған. 14 миллион теңгеге сатылған көшені мемлекетке қайтару туралы халықтың арасында наразылық туды. Осылайша, жергілікті билік қателігін мойындап, мәселені шешетіндерін айтты."Артынан оны ешкім қарамаған. Ол 1995 жылы берілген. Содан кейін қараса жаңа бас жоспарға сәйкес ол жерден көше өтеді. Соның негізінде, сотқа бердік. Енді, ақшасы қайтарылып беріледі. Оны біздің салық комитеті ретке келтіретін болады", - дейді Семей қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов.
https://stan.kz
25 маусым 2019 ж. 498 0