Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Үлгілі көше», «Үлгілі аула» номинациялары бойынша байқау өткізіледі

«Үлгілі көше», «Үлгілі аула» номинациялары бойынша байқау өткізіледі

Құрметті аралдықтар!
Қаламыздағы әрбір игі істер, жаңашылдықтар өздеріңізбен бірге атқарылып келеді. Қаланы көріктендіріп, ажарын аша түсуде әрбір тұрғынның үлес қосуы маңызды да абыройлы және ортақ іс.
Туған өлкеміздің ажарын аша түсетін  кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар салынып, халықтың игілігіне берілуде. Әрбір қала тұрғыны өзі тұрып жатқан қалаға деген жауапкершілігін сезініп, айналасын тазалап, сенбіліктерге белсене қатысса, әр аула, көше таза   да      көрікті болары белгілі.
Тазалық – жердің көркі, денсаулық кепілі. Өз үйін қалай таза ұстаса, қаламыздың да солай таза болуына атсалысып жүрген азаматтарымыздың қатысуымен «Үлгілі көше», «Үлгілі аула»  номинациялары бойынша байқау жариялануда.
Осы орайда, қала тұрғындарын өз үйлерін, ауласын, көшесін таза ұстауға, ағаштарды әктеп, үйлерінің сыртқы қасбеттерін жөндеп, сырлап-әктеп, жаңалауға шақырамыз.
 Байқауға қаланың барлық аумағы толық қатыса алады. Қатысушылардың өтінімдері 2021 жылдың 30  қазанына дейін «Арал қаласы әкімінің аппараты» КММ-де қабылданады.
Басты мақсат – Арал қаласының тұрғындарын тазалық сақтауға үндеу, көшелерді, тұрғын үйлердің аулаларын көріктендіру, санитарлық тазалық жағдайына көңіл бөлу болып табылады.
 Байқау қорытындысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мерекесіне орай шығарылып, жеңімпаздар «Үлгілі аула», «Үлгілі көше» номинациялары бойынша арнайы Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталатын болады.
Құрметті қала тұрғындары!
Қаламыздың бүгінгіден де әсем, көрікті болуына өз үлесімізді қосып, туған жерімізді, өзіміздің сүйікті қаламызды таза ұстауға атсалысайық!    
«Арал қаласы әкімінің аппараты» КММ


Арал қаласында «Үлгілі көше», «Үлгілі аула»  номинациялары бойынша байқау өткізу туралы ЕРЕЖЕ
Байқау мақсаттары мен міндеттері:
– қала тұрғындары арасында еңбекке баулу және тазалық мәдениетін қалыптастыру;
–тұрғындарды аулаларының және көшелерінің аумағында абаттандыру, көріктендіру және тазалық  іс-шараларына тарту;
–көшелерді тазалауға, көркейтуге белсенділік танытқан азаматтардың бастамаларын қолдау;
–тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын тастауға рұқсат етілмеген алаңдарды жою.
Байқауды өткізу шарттары мен тәртібі:
1. Арал қаласы әкімінің 17.09.2021 жылғы №139 өкімімен «Үздік көше», «Үздік аула» номинациялары бойынша ұйымдастыру жөніндегі комиссиясы бекітілді (әрі қарай — Комиссия).
2. Комиссия келесі функцияларды жүзеге асырады:
–конкурстық өтінімдерді қабылдайды және тіркейді;
–осы Ережеде белгіленген өлшемдерге сәйкес келіп түскен өтінімдерді бағалайды;
–байқау жеңімпаздарын анықтайды;
–байқау жеңімпазын марапаттау рәсімін жүргізеді.
3. Байқау шешімі ашық дауыс беру арқылы қатысушы мүшелердің көпшілігімен қабылданады.
Жеңімпаздарды ынталандыру
1. Байқау жеңімпаздары қала әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар «Үлгілі көше», «Үлгілі аула» номинациялары бойынша үздік деп танылған көшелерге алдағы уақытта тас жол салу, жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жобаларын іске асыруға ұсыныс берілетін болады.
«Үздік көше» номинациясы бойынша байқауға қатысатындарға келесі шарттар қойылады:
– көшенің тазалығы мен абаттандырылуы, тұрғын үйлер аулаларының көріктендірілуі, санитарлық тазалық жағдайына көңіл бөлінуі;
–көше беттегі талдардың қырқылуы және егілуі;
–көше жолдарының  тазалығы;
–тұрғын үйлердің көше жағы  қасбеттерінің әктелуі, сырлануы;
– көше түзулігінің  сақталуы, заңсыз құрылыстардың салынбауы;
–шеткі аймақтарда орналасқан көшелердің тастауға рұқсат етілмеген сыртқы жағындағыалаңдардың таза болуы,
–көшеге жақын маңда заңсыз қоқыс тастау орындарының болмауы;
– көшені көркейтуге кәсіпкерлердің тартылуы;
– көшедегі қылмыс деңгейі.
 «Үздік аула» номинациясы бойынша байқауға қатысатындарға келесі шарттар қойылады:
– тұрғын үйлердің көше жағы  қасбеттерінің әктелуі, сырлануы;
–ауланың тазалығы мен абаттандырылуы;
–талдардың  қырқылуы және егілуі;
–көше түзулігі сақталынып, заңсыз құрылыстардың салынбауы;
–тұрғын үйлер маңында заңсыз қоқыс тастау орындарының болмауы.
Арал  қаласында «Үздік көше», «Үздік аула» номинациялары бойынша байқауға қатысушылар тиісті номинацияға сәйкес  көшенің, ауланың
орналасқан жері мен фото және бейне түсірілімі;
«Үздік көше»,  «Үздік аула» номинациялары бойынша байқау шарттары бойынша мәліметтерді ұсыну қажет.
Құрметті Арал  қаласының тұрғындары!
Байқау материалдарын Арал қаласы, Астана көшесі №35 мекенжайы бойынша 2021 жылдың 30 қазанына  дейін тапсыру қажет. Байланыс телефондары: Рысқұлов Олжас- 8702 919 5001,    Құдайбергенов Болатхан – 2-18-5.
Е-mail: Aral_kala@mail.ru «Арал  қаласы әкімінің аппараты» КММ.
24 қыркүйек 2021 ж. 2 478 0