Тазалық – рухани байлық

Қаламызда «Тазалық» мекемесі күн сайын қала тазалығын бақылауда ұстап, назардан тыс қалдырған емес. Бірақ сол мекеме өз жауапкершілігіне алды екен деп, көшені қоқысқа толтыра бергеніміз де жөн болмас. Әр адам тазалықты өз айналасынан бастағаны абзал. Мәселен, үй ауласы мен көшені таза ұстасаңыз, сондай-ақ қоғамдық орындарда да тазалықты сақтай білсеңіз көпке үлгі болар едіңіз.
Тазалыққа аса мән беріп қарайтын көшелер де жетерлік. Үй алдындағы қоқыс жәшігін уақытылы алдыртып, оны өртемеуге тырысатын тұрғындар да бар. Иә, оны өртегеннің өзінде иісі былай тұрсын, одан шығатын түрлі шаң-тозаңдардың өзі адам өкпесін ластайды. Сондай-ақ кіші тұрмыстық қалдықтар арасында өртеуге жарамайтын заттар да жатады. Ондай заттар атылған уақытта, өз еркімен кетіп бара жатқан адамға зиянын тигізуі әбден мүмкін. Сол үшін тазалыққа бей-жай қарамай, өз заңдылығымен сақтап отырғанымыз дұрыс.
Өзіміз де экологиялық аймақта тұрып жатырмыз. Ендігі қоршаған ортаны одан әрі ластап, кез келген жерге қоқыс тастағанымыз бұрыс әрекет екендігі анық. «Бала көргенін істейді» демекші, сіз де тазалыққа немқұрайлы қарасаңыз, келешек өскелең ұрпақ та дәл солай қарайтын болады. Сондықтан да үйдегі балаларымызға тазалық шарасын қалай ұстау керектігін және қоғамдық жерлерде тазалық сақтау керегін айта жүргеніміз артық болмас.
О. ЖОЛДАСОВ