Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАБИҒАТТЫ ӨРТТЕН САҚТАҢЫЗДАР

ТАБИҒАТТЫ ӨРТТЕН САҚТАҢЫЗДАР

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының аумағында 2024 жылдың 20 наурызынан бастап өрт қауіпті кезең басталды.Осы орайда, тұрғындардан дала және орман өрттерін болдырмау және оның алдын алу мақсатында келесідей қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.
Қорық аумағы мен қорықтың күзет аймақтарында қатаң тыйым салынады:
- Жанып тұрған темекі қалдықтарын, сіріңкені тастауға
- Шыны заттарды қалтыруға (бөтелке)
- Арнайы жабдықталмаған жерде автокөлікті қоюға
- Майланған немесе жаңғыш заттармен сіңген материалдарды тастауға
Сонымен бірге, сексеуіл және бұта тектес орман-тоғайлар жанында, кепкен шөптер бар жерлерде және бүлінген орман учаскелерінде от жағуға болмайды.
Қорық шекарасынан 2 км жерлер күзет аймағы болып табылады. Ескерте кететін жайт, қорықтың күзет аймағы жерлерінде келушілер өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық ережелерді бұзса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабы 1 тармағы бойынша жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни(МРП) в 2024 году – 1 АЕК (3 692 тг). 369 200 теңгеге дейін айыппұл салуға әкеп соғады.
Егер өрт жайылып, қорық аумағына өтіп, елеулі зиян келтірсе ҚР Қылмыстық кодексінің 292 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, белгілі бір лауазымдық атқару немесе қызметпен айналысу құығынан 2 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз 3000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, яғни 11 076 000 теңге көлемінде айыппұл салуға немесе 800 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге немесе айыруға жазаланады. Сол үшін табиғатты қорғау баршамызға міндет екенін есте сақтап, өрт болған жағдайда 101 телефонына хабарлауды ұмытпаңыз.
Алма Есенова
Барсакелмес қорығының
экологиялық ағарту инженері
10 сәуір 2024 ж. 168 0