Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дубай әуежайын су басты

Дубай әуежайын су басты

Дубай қаласында жауған толассыз нөсер салдарынан әуеайлақты су басқан. Осыған байланысты «Air Astana» әуекомпаниясы KC206 Дубай-Астана және KC898 Дубай-Алматы рейстері 16 сәуірден 17 сәуірге шегерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әуекомпания өкілдері жолаушыларды қонақ үйге орналастыру және тамақтандыру бойынша қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты.
Рейстердің нақты уақытын әуежайдың ресми сайтынан тексеру ұсынылды.

Фото: egemen.kz

17 сәуір 2024 ж. 204 0