Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжамына жүгінсек, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтары оңтүстік циклонның ықпалында болады.

«Атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ жауады», деп ескертті мамандар.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады. Тек еліміздің батысы мен солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ұлытау облысының шығысында түнде 2 градус аяз күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, орталықта, шығыста, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Сурет ашық дереккөзден алынды
26 сәуір 2024 ж. 237 0