Жаһандық әйелдер саммитіне Қазақстаннан кім қатысады

Жаһандық әйелдер саммиті Испания патшайымы Летицияның қамқорлығымен жыл сайын ұйымдастырылады.
Онда әлемнің түкпір-түкпірінен келетін әйел көшбасшылары әзірлеген шешімдері және стратегияларын бөлісу арқылы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселесін талқылау жоспарланып отыр.
«Сапар аясында Назира Нұрбаева „Әйелдер: болашақ экономикасын жандандыру“ тақырыбындағы министрлер деңгейіндегі дөңгелек үстелге қатысып, Қазақстанның гендерлік саясаттағы елеулі жетістіктерін және Қазақстан Үкіметінің, БҰҰ-Әйелдер құрылымының және қазақстандық әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ҮЕҰ бірлескен күш-жігері туралы ақпарат ұсынады», — деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық брифингте.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз