Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім ошағымен байланыс үзілмеу керек

Білім ошағымен байланыс үзілмеу керек

Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғышқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің кепілі.
Отбасы – бүкіл ғасырлап бойы адам баласы тәрбиесінің негізгі құралы болып келеді. Сондықтан ол – адам үшін ең үлкен орта. Отбасы адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені өз отбасында өтеді.
Отбасы мүшесі ретінде баланың міндеті ата-анаңды, туған-туыстарыңды, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұту, жасы кішілерге қамқорлық жасау, мектептегі сабағыңды жақсы оқып, білімді, мәдениетті, жан-жақты болып өсуге ұмтылу. Сонымен бірге отбасылық құндылықтардың, атап айтқанда белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелер, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақталуына өзіндік үлес қосу да біздің міндетіміз. Осы орайда қазақ отбасының өзіндік ерекшеліктері туралы айтсақ.
Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», дегендей, тәй-тәй басып, есі кіріп, тілі шыға бастағаннан-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған дұрыс. Қай заманда болса да бала тәрбиесі-басты байлық, ал ең асыл дүние оның тәрбиесі. Әрбір мемлекеттің болашағы оның төл мектебінде шыңдалады.
Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектептің басты мақсаты: өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық,мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам тәрбиелеп қалыптастыруға бағдарланған.
Тәрбие бағдарламасында көзделетін басты мақсат – әрбір баланы өз бойындағы шығармашылық әлеуетін тани және аша білуге, өзінің эмоционалдық көңіл-күйі мен мінез-құлық ерекшеліктерін ұғына білуге, өз әдет-қылығы мен тәртібін басқара және бағалай білуге үйренуіне мүмкіндік туғызу.
Ұрпақ тәрбиесі рухани-адамгершілік ізгілік педагогикасы бойынша, білім беруде жеке тұлғаны ең жоғары құндылық деп тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесінде жеке тұлғаның танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру, мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.
Кемелденген ел жағдайында мектептің отбасы өміріне белсене араласуының үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен балалардың адамгершілік кемелдігін қамтамасыз ету үшін керек.
Б.ҚАНАТБАЕВА,
Е.Көшербаев атындағы №57 мектептің педагог-психологы
08 мамыр 2024 ж. 293 0