Мақсатымыз бір – медициналық қызметтердің сапасын арттыру

Медициналық орталық бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Клиникада зертханалық қызметтен, диагностикадан, дәрігерлердің кеңес алу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуден басқа жедел медициналық көмек қарастырылған. Қазіргі таңда 4 учаскелік аймақ облыс орталығының 7 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді. Учаскелік аймақтың санын 15 мың адамды қамтитын 9-ға дейін кеңейту жоспарлануда.
«Біз сапалы медициналық қызмет көрсетуге және жеделдікке бағытталғанбыз. Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі, 8 705 176 70 24 телефон нөмірі бойынша байланыс орталығы бар. Пациенттерге арналған WhatsApp чатымызда тұрғындардың өтініштерін қарастырамыз. 2023 жылы оқшауланған жағдайлар болса, осы жылдың басынан бері пациенттерден бірде-бір шағым түскен жоқ», - деп атап өтті емхананың құрылтайшысы Раушан Базарбай.

«2023 жылы Қор «Q-med» емханасына 159 миллион теңгеден астам қаржы бөлді. Биылдың өзінде шамамен 300-ге жуық миллион теңге қарастырылған. Қаржыландыру 47% - ға өсті», - дейді ӘМСҚ облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.