Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 мамырда төрт өңірде үсік жүреді

15 мамырда төрт өңірде үсік жүреді

Синоптиктер 15 мамырда ел аумағында ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, оңтүстік циклоны мен онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігінде өз әсерін сақтайды.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, шығыс пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Тек елімідің солтүстігі, солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстігі, солтүстік-батысы мен орталығында тұман күтіледі, - деп жазды ведомстводан.

Түнде Қостанай, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 2-3 градус үсік түседі.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Сурет: ашық дереккөз 
15 мамыр 2024 ж. 243 0