Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құлау қаупі туралы нені білу маңызды?

Құлау қаупі туралы нені білу маңызды?

Егде жастағы адамдар психологиялық тұрғыдан да әлсіз келеді. Құлағаннан кейін оларда үрей, мазасыздық пайда болады. Қайтадан құлаудан қорқу адамды аз қимылдауға мәжбүрлейді, яғни құлау және жарақат алу қаупі одан сайын артады.
Аулада және көшеде серуендеген кезде қасында бірге жүретін адамның болуы аса маңызды – егде жастағы адамдарда көбіне ми тамырларының аурулары болады, бұл бастың айналуына немесе бағдардан ажырауға алып келуі мүмкін.
Егер сіздің жақын адамыңыз:
ü егде жастағы және/немесе аз қимылдайтын адам болса;
ü тыныштандыратын, мысалы- ұйықтататын препараттар қабылдайтын болса;
ü онкологиялық аурулармен ауырса;
ü жүрек-қан тамыры және неврологиялық аурулармен ауырса;
ü көзі дұрыс көрмесе;
ü деменциямен ауырса;
ü инсультті басынан өткерсе аса мұқият болыңыз;
Қауіптерді азайту үшін бөлме кеңістігін дұрыс жабдықтау, киімді және аяқ киімді ұқыпты таңдау қажет, сондай-ақ тағам рационы мен тағайындалған дәрі-дәрмектерді қадағалаған жөн. Әлсіреген адамды ұзақ уақыт жалғыз қалдырмаңыз.
Тағы не маңызды:
• Қарт адамға кальций (сүт өнімдері, брокколи, үрмебұршақ, жаңғақтар) және D дәрумені (балық, балық майы, сарыуыз, сиырдың бауыры) қажет;
• Таза ауда серуендеу керек. Құлау қаупі белсенді өмір сүрудің соңы емес;
• Бұлшықет тонусын көтеру үшін жеңіл жаттығулар жасау қажет;
• Егде жастағы адамның кез келген есту және көру қабілеті нашарлаған кезде дәрігерден кеңес алу қажет;
• Артериялық қысымды бақылап отыру қажет – қан қысымы бірден ауысқан кезде адамның басы айналуы мүмкін;
• Күнделік арнап, оған құлау туралы ақпараттарды жазып отырған жөн: қашан және қай жерде құлады, неге бұлай болды, құлауға не себеп болды;
• Егер науқас адам сізді шақырса, ести алатыныңызды және қаншалықты жылдам жететініңізді тексеріңіз. Көмекке келуге дайын болыңыз!
Егер адам құлап қалса, оған өз күшіне сенімділігін қайтару маңызды. Адамға қайтадан құлап қалу қорқынышынан құтылуға көмек беру аса маңызды.
Егде жастағы адамдарда жарақаттану қаупін азайту жақындары тарапынан
қамқорлық қана емес, сондай-ақ адамдардың өз денсаулығына және қауіпсіздігіне мұқият қарағанда мүмкін болады. Бұл адамның өзінің және оның айналасындағылардың өмір сапасын едәуір жақсартады.
Сабақтың мақсаты:
Құлау кезінде алғашқы көмек көрсетуді, жарақаттанудың алдын алу шараларын жүргізуді, қауіпсіздік құрылғылармен қамтамасыз етуді, құлаудың қауіп факторын білу үшін Морзе шкаласын бағалауды меңгеру
Лекция материалдары
Құлаудың алдын алу және құлау кезінде жарақаттануды азайту.
Құлау-бұл адамның тепе-теңдікті жоғалтуға, ауырлық күші орталығының ауысуына «жауап» бере алмауы. Құлау деп адамның байқаусызда жерге, еденге немесе басқа төменгі деңгейге жатуына себеп болатын оқиға болып табылады.
Өзектілігі
Пациенттердің құлауы медициналық, әлеуметтік және экономикалық проблема болып табылады.
Ауруханада денсаулық сақтау мекемелерін халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттеудің, құлаудың тиімді бағдарламасының болуы міндетті
Медицина қызметкерлері, пациент және отбасы мүшелері арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз ету мәдениетті қалыптастырады
Жыл сайын медициналық көмекті қажет ететін, өлімге әкелмейтін, дегенмен, жеткілікті ауыр жағдайда кездесетін 37,3 млн қызметкерлердің құлауы болады.
Құлау кімдерде қауіптірек?
Әлемде өлім деңгейінің жоғарғы көрсеткіші ерлер қауымында жоғары, бұл жұмысқа байланысты қауіптіліктің және қауіп деңгейінің жоғары болуымен сипатталады. Құлау қаупінің жоғары тәуекел тобына: егде жастағы және қартайған адамдар жатады (65 жастан жоғары); балалар; темекі шегушілер (осы санаттағы тәуекелге байланысты ғимараттан жиі шығу); ерлер (статистикаға сәйкес, олар жиі түседі); науқастар орталық жүйке жүйесінің қызметіне әсер ететін дәрілерді қабылдайтын (психоактивті зат), мүгелдектер, қимыл қозғалысы шектелген пациенттер, көру қабілеті, есту қабілеті, ақыл-есі кем пациенттер, психикалық бұзылысы бар пациенттер.
Тәуекел тобы факторларына мыналар жатады:
1. жүрек аурулары немесе функциональды жағдайды шектеуші, неврологиялық аурулардағы медициналық жағдайлар
2. Егде жастағы адамдарда тепе теңдіктің жоғалуы, физикалық белсенділіктің болмауы және дәрілік заттарға кері әсерлер
3. ұтқырлықтың, қозғалыстың төмен деңгейі, танымдық қабілеттің және көрудің төмен деңгейі
Құлау қаупінің бағалау әдістері
Морзенің құлдырау шкаласы, бағалаудың кең таралған әдістері болып табылады
Бұл әдістер құлап кетудің, мүмкін тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған қауіп факторлары бар жиі науқастарды анықтау үшін қолданылады
Құлау қаупінің шамасын есептеу өте қарапайым және науқасты арнайы тексеруді қажет епейді.
Морзе шкаласы:
• тез және оңай толтырылады
• болжамды жарамдылыққа және сенімділікке ие.
• ауруханада және стационарлық жағдайда ұзақ мерзімді күтім кезде, шұғыл жағдайларда кеңінен қолданылады
Морзе шкаласы 6 айналымнан тұрады
Құлау қаупінің біріншілікті бағалауы
Мейірбикелік алғашқы тексеру кезінде пациенттерге оқыту нұсқаулығы арқылы құлаудың алдын алу туралы шараларын мейіргер жүргізеді (қоңырау түймесі, кереуеттің бүйірлік рельстері, тұтқалар, дымқыл едендер және т.б.):
Ақырын тұрыңыз, креслодан бірөзіңіз тұрмаңыз, кенеттен тұруға болмайды (әсіресе анестезиядан, операциядан кейін, кейін дәрі қабылдау)
Көмек үшін қоңырау шалыңыз: егер дәретхананы немесе басқа заттарды пайдалану қажет болса, медицина қызметкерлерін немесе отбасы мүшесін шақырыңыз, қоңырау батырмасы арқылы немесе басқа жолмен
коляска: егер мүмкін болса, балаларға арналған, колясканы / кювезді пайдаланыңыз
Аяқ киім: биік емес, тайғанамайтын (шұлық, төмен өкшелер)
Таза, құрғақ еден: жолдан шығатын кедергілерді алып тастау керек (сымдар т.б)
Қоршаған ортадағы жағдайлардың қауіпсіздігіне жүргізілетін іс-шаралар:
эргономикалық жиһазды пайдалану;
қозғалысқа арналған құрылғыларға тиісті көмекшіні тағайындау
жуынатын бөлмелер мен дәретханаларды арнайы ұстағыштармен жабдықтау
жарықтандыруды жақсарту;
қорғаныс шлагбаумдарын / қоршауларды пайдалану;
тәуекел тобындағы науқастарды медициналық мейіргер постына жақынырақ орналастыру
Мейіргердің пациент құлауы кезіндегі іс әрекеті
емдеуші дәрігерге есеп беру, оқиға жөнінде есеп беру
пациенттің құлау деңгейіне Морзе бағалау шкаласын жүргізу
дәрігермен бірге пациенттерді бақылау және күту жоспарын құру және жүзеге асыру
кереуеттің жанына дабылды орнату және оны тестілеу;
терезелердің ашылу дәрежесінің шектелу;
шыға беріс жерге дабыл құрылғысын орнату;
медициналық қызметкерді шақыру жүйесін жетілдіру
құлау қаупі жоғарынауқастар үшін төмен кереуеттерді пайдалану
Пациентке қатысты іс-шараларды жүргізу
пациентпен «Құлаудың алдын алу» тақырыбы бойынша сабақтар жүргізу
қозғалыс қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін емдеу жаттығулар бағдарламасына енгізу,
пациенттерге өзін-өзі күтуін жақсартуға бар күш-жігерді салу
ұйқы режимін қалпына келтіру;
тиімді анальгетикалық терапия жүргізу;
пациентті релаксация, медитация әдістерімен таныстыру,
назар аударатын сабақтарды ұсыну: мысалы: кітап оқу, телебағдарламаларды көру, концерттік іс-шаралар және т.б

Мейіргердің Морзе шкаласын қолданудағы іс-әрекеті
Медбикелік бағалаудан кейін құлаудың жоғары қаупіндегі пациенттерге, қолдарына қызыл түсті білезік тағады, сондай-ақ палатасының есігіне қызыл тақтайша жапсырылады
Пациенттер үш жағында шектеулі көтерілген төсектерге орналасуы керек
Пациенттер мүмкіндігінше жиі бақылау мақсатындағ мейіргерлік постқа жақынырақ орналастырылады
кезекшілікті ауыстыру кезіндегі құлау қаупі бар науқастардың жағдайы туралы есеп беріледі
Құлаудың алдын алуға арналған стандартталған шараларға мыналар жатады:
1. Тәуекел тобына жатқызылған науқастар қызғылт сары түсті білезік кию керек;
2. Тәуекел тобына жатқызылған пациенттерді ауру тарихының титул парағында сарғыш жолақ тұру керек
3. Қауіп төндіретіні анықталған науқастардың, палатасына «қызғылт сары» белгісін қою керек;
4. Науқасқа құлау қаупі туралы хабарлаңыз (белгіленген брифинг журналы).
5. Науқасқа қауіпсіз мінез-құлық жағдайын түсіндіріңіз: қызғылт сары білезіктің мағынасын, оны қалай өңдеу керек және неге шешпеу керек; төсекден тұрар алдында мейірбикені неге шақыру керек; төсектен дұрыс тұру сияқты, төсектің дұрыс жұмыс істемеуі туралы медбикеге дереу хабарлауыңыз керек; персоналды шақыру түймесінің қай жерде орналасқанын және оны қалай қолдану керектігін; кереуеттің қауіпсіздігі үшін тіректерді неге көтеру керектігін.
6. Пациенттердің құлауының барлық жағдайларын журналға жазып отыру керек
Кіші медициналық қызметкердің құлау кезде жүргізетін алдын-алу шаралары:
1. Палаталарға ескерту белгілерін қою керек;
2. Палатаны жинастырудан кейін ылғалды еден ескертпелерін қою керек;
Құлаудың алдын алу үшін техникалық инженердің қауіпсіздік шаралары:
1. Жылына 2 рет жоспарлы қауіпсіздік тексерісін өткізу, құлау қаупі және қажет болған жағдайда өтініштер түскен кезде кезектен тыс тексеру (мұзды қадамдар, ақаулы ұстағыштар және және т.б.)
Құлаудың қаупі жоғара пациенттер үшін
Барлық қызметкерлердің іс–әрекет тәртіптері
Әр қызметкер пациентің құлауын көрген жағдайда, тез арада бөлімшенің жетекшісіне хабар береді, пациент туралы есеп құрады
Әр қызметкер қызыл түсті білезігі бар пациентті және көмекші құрылғыларсыз жүрген пациентті көрген жағдайда, оның отыруына, көмектесу керек немесе көмекшінің келгеніне дейін күту керек. Және пациент туралы қажетті жерге хабар беру керек
Пациенттегі құлаудың, жарақаттанудың алдын алу үшін дене биомеханикасын білу әрбір медицина қызметкерінің міндеті болып табылады.
Мейіргер науқасты көтеру, тасу, қолдап жүру, ауыстыру сияқты шаралар барысында сырқат жарақат алуы мүмкін. Сондықтан науқастардың бір жерін ауыртып алмау мақсатында және сондай жағдайды болдырмау үшін керекті дағдыларды білу керек. Науқастарды отырған немесе жатқан жерінен тұрғызып, болмаса көтеріп, орнын ауыстыруға тура келеді.
Медицина қызметкері өз күштерін дұрыс бағаламай, дененің биомеханикалық заңдылықтарын ескермей, денесіне ауыр салмақ түсіріп, омыртқаларын және де басқа қозғалыс аппараттарын зақымдап алуы мүмкін.
Мейірбике өзіне де науқастарға да зиян келтірмеу үшін келесі ережелерді есте сақтау керек:
- егер ол сізден жеңіл болмаса немесе қозғалтуға басқа ешкім көмек бере алмаса өзі қозғала алмайтын, көмек бере алмайтын науқасты көтермеу керек;
- науқастарды көтергенде немесе күтімге байланысты басқа жұмыстарды орындағанда мүмкіндігінше дененің арқасын, омыртқа жотасын түзу ұстау керек;
- алға созылған қолдармен науқасты көтеруге немесе қозғалтуға болмайды;
- егер науқас қозғала алмаса, механикалық құрылғылар көмегін пайдалануға болады. Ауыр салмақты түрлі заттарды көтергенде, науқастарға көмектескенде дененің биомеханикалық ережелерін қолдану керек.
Науқастарды тасымалдау мен орнынан ауыстыру
1. Салмақты көтерместен бұрын аяқтың табандарының арасын 30 см алшақтықта ұстап, біреуін екіншісінен сәл алға жылжыту керек. Бұл қалыпта медицина қызметкері құлап қалмайтындай өзіне тепе - теңдікті, орнықты тіректі қамтамасыз етеді.
2. Науқасты немесе ауыр затты көтерместен бұрын, оның қасында тұрғанына, оған қол жеткізу үшін алға иілудің қажетсіз екеніне көз жеткізеді.
3. Науқас денесін немесе затты көтергенде өз денесіне тығыз жақындатып ұстау керек.
4. Көтергенде дененің жоғарғы жағын тік ұстап, тек қана аяқты тізеден бүгу қажет.
5. Науқасты бір қалыппен, жәймен көтереді.
6. Денені бұру үшін алдымен салмақты көтереді, табанға тіреліп, денені бүкпей, жәймен бұрылады.
Науқасты қозғалтқанда, оның көмек бере алатындығын тексеру мақсатында оған келесі сұрақтарды қоюға болады:
1. Науқас бір аяқта тұрып, өзін ұстай ала ма? (Кресло-каталкаға отырғызу кезінде бұл сұрақты қоюға болады, өйткені науқас біршама уақыт тік тұруға мәжбүр болады).
2. Тепе –теңдікті сақтай аласыз ба?
3. Көру және есту қабілетіңіз жақсы ма?
4. Мені жақсы түсінесіз бе?
5. Қозғалуға қорықпайсыз ба?
Дене биомеханикасының негізгі принциптері:
1. Ауыр көтерген кезде аяқтың арасы ашық, әрі дене тірегі мықты болуы керек.
2. Көтеру кезінде салған күшін көбейту үшін аяқтардың ара қашықты кеңейту керек.
3. Ауыр салмақты көтерер алдында бел мен іштің бұлшық етін тырыстыру керек.
4. Көмек көрсету кезінде науқастың денесі мен бетін өзімізге бұрып тұру керек.
5. Заттарды тізеден бүгілген аяқтың бұлшықетінің көмегімен көтеру керек.
6. Өзінің денесінен ауыр заттарды көтергенде және қозғалтқанда қосымша ретінде күшті қолдану керек.
7. Ауыр затты итеру арқылы қозғалтқанда, жұмсаған күштің тең жартысы жойылады. Сол себептен ол затты тартып қозғалтқан дұрыс
Эргономика (гр. ergon – жұмыс + nomos – заң) – еңбек құралдары мен үдерістерін оңтайландыру арқылы еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен адамды (адамдар тобын) және оның қазіргі заманғы өндірістің еңбек үдерістеріне қатысуын зерделейтін ғылыми пән.
Эргономиканың негізгі мақсаттары: - «Адам – техника – орта» жүйесінің (АТОЖ) тиімділігін арттыру; - еңбек қауіпсіздігін арттыру; - жұмыс үдерісінде жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу: адам мен техникалық құралдың қызметін дұрыс бөлу; ағзаның жоғары мүмкіндіктерін (ойлау, зерделеу, назар аудару, жадыда сақтау, сана) «іске қосу».
“Эргономика” термині 1949 жылы Англияда қолданылған. Эргономика адам денсаулығын сақтай отырып, еңбек процесстерінің тиімділігін жоғарылату мақсатында оқытылатын ғылым. Медицинада еңбек процесстерінің ерекшеліктерін оқытатын кәсіби эргономиканың бөлімі медициналық эргономика болып табылады. Медициналық эргономиканың мақсаты – медицина қызметкерлерінің еңбегінің тиімділігін арттыру және олардың денсаулығын сақтау.
Пациенттерді көтеру және тасымалдау кезіндегі эргономикалық құралдар:
Сырғымалы екі жақты жайма (эсси - слайд)
Кресло – каталка – отырған қалыпта пациенттерді тасымалдауға арналған медициналық құрылғы
Матадан жасалған гамак көтергіш (падъемник с гамаком)

Ходунок – пациенттерді өздігінен тасымалдауға арналған құрылғы

Эргономикалық құралдарды қолдану мейірбикеге омыртқа жотасына ауырлық түсуін азайтуға және омыртқалық остеохондроздың даму қаупін төмендетеді.
Науқасты көтергенде, қозғалтқанда келесі әдістерді қолдануға болады:
“Иықты көтеру” әдісімен науқасты кереуеттен орындыққа (кресло-каталкаға) отырғызу
Отырғызу 2 және одан көп мейірбике көмегімен орындалады.
Көрсетпе: науқас отыруы мүмкін, бірақ аяқтарымен өзі жүре алмайды.
Қарсы көрсетпе: иықтың жарақаттануы, көкіректің және дене арқасының жоғары аймағының ауырсынуы.
1. Орындықты (кресло-каталканы) кереуетке жақындатып қойыңыз, кереуеттің және кресло-каталканың тормозға қойылғанына көз жеткізіңіз.
2. Науқасты төсегіне отырғызыңыз.
3. Науқастың екі жағынан тұру керек.
4. Науқасқа жақын тұрған қолыңызды оның санының астына жіберіңіз (екі мейірбике бір-бірінің қолдарын ұстайды).
5. Қолдарды науқастың жанбасына қарай жақындатып науқасы ұстау қажет.
6. Иығыңызды науқастың қолтық асты аймағына жіберіңіз, науқасқа қолдарын мейірбикелердің арқасына қоюды сұраңыз.
7. Бос қолыңызды шынтақта бүгіп, тірек ретінде қолданып, науқастың жамбасы артындағы кереуетке тіреңіз (аяқтарыңыз арасы ашық, тізелер бүгілген).
8. Қимыл-әрекеттер синхронды болуы үшін мейірбикелердің біреуі бұйырады, «3» дегенде тізе және шынтақты жайып, тік тұру керек.
9. Бос қолмен науқастың арқасынан ұстап кресло-каталка немесе орындыққа отырғызыңыз.
10. Ұстап тұрған қолыңызды тірек ретінде орындыққа қойыңыз.
11. Тізе мен шынтақты бүгіп, науқасты орындыққа (кресло-каталкаға) жайғастырыңыз.
12. Науқастың ыңғайлы отырғанына көз жеткізіңіз.
Науқастың аяқтарын төмен түсіріп отырғызу
Қозғалуға дәрменсіз, амалсыз жатқан және осындай жағдайда ойық жаралардың пайда болу қаупі болса, бұл тәсіл науқастың қалпын өзгерту үшін қолданады.
1. Науқастың жағдайын және айналасындағы заттардың тұрған қалыптарын анықтап алады.
2. Науқасқа қажетті қимылдың мақсаты түсіндіріледі.
3. Кереуеттің бүйірлік іргелері болса алып тастайды.
4. Науқасқа қарсы тұрып, сол қолды оның иығының астына, оң қолды тізесінің астынан өткізіп, үстінен орап ұстайды.
5. Науқасты көтеріп, төсектін үстінде 900 бұрып, аяғын төмен түсіреді.
6. Науқасқа қарсы тұрған күйінде сол қолмен иығынан, оң қолмен арқасынан тіреп ұстап тұрады.
7. Егер науқастың өздігінен отыра алатындай шамасы болса, онда аяғына шәркесін кигізіп, аяғының астына тіреуіш қояды
Науқастың аяқтарын төмен түсіріп отырғызу
Қозғалуға дәрменсіз, амалсыз жатқан және осындай жағдайда ойық жаралардың пайда болу қаупі болса, бұл тәсіл науқастың қалпын өзгерту үшін қолданады.
1. Науқастың жағдайын және айналасындағы заттардың тұрған қалыптарын анықтап алады.
2. Науқасқа қажетті қимылдың мақсаты түсіндіріледі.
3. Кереуеттің бүйірлік іргелері болса алып тастайды.
4. Науқасқа қарсы тұрып, сол қолды оның иығының астына, оң қолды тізесінің астынан өткізіп, үстінен орап ұстайды.
5. Науқасты көтеріп, төсектін үстінде 900 бұрып, аяғынтөмен түсіреді.
6. Науқасқа қарсы тұрған күйінде сол қолмен иығынан, оң қолмен арқасынан тіреп ұстап тұрады.
7. Егер науқастың өздігінен отыра алатындай шамасы болса, онда аяғына шәркесін кигізіп, аяғының астына тіреуіш қояды.
Жүру кезде пациентті қолдау немесе сүйемелдеу әдісі
Көрсеткіші: жарақаттан, инсульттен кейінгі пациенттің жүруіне көмектесу және т.б.
1. Пациентке ұстап тұру принципін түсіндіріңіз, оны түсінгеніне көз жеткізіңіз.
2. Пациенттің жағдайы мен мүмкіндіктерін бағалау:
• ол өздігінен не істей алады;
• оған қандай қолдау қажет;
• Ол көмекші құралдар қажет петеді (таяқ, балдақ, ходункалар).
3. Қоршаған ортаны бағалау (еденнің ылғалдылығы, тәпішке, едендегі бөгде заттар, науқастың қозғалу жолында тұрған жабдық).
4. Науқастың қасында тұрыңыз.
5. «Алақанның бас бармағынан ұстаңыз» қолданыңыз: науқастың оң (немесе сол жағынан) қолынан ұстаңыз: науқастың қолы тік, саусақтарын жауып мейіргердің алақанына тіреледі
6. Науқасты екінші қолыңызбен шынтағыңыздың астында немесе қолтығыңыздың астында ұстаңыз немесе науқасты белінен ұстаңыз.
7. Науқасқа мүмкіндігінше жақын тұрыңыз, тізесін оң аяғымен көтеріңіз (егер медбике оң жақта болса), егер пациент өзіне сенімсіз болса
8. Науқас өзіне сенімсіздік танытқан кезде оның қасында жүріңіз.

Гүлмира Киргабакова,
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, ШЖҚ Қарғалы ауылының «Аудандық ауруханасы» МКК терапия бөлімінің аға мейіргері
16 мамыр 2024 ж. 593 0