Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 мамырға арналған ауа райы болжамы

17 мамырға арналған ауа райы болжамы

17 мамыр, жұмада оңтүстік циклоны және соған байланысты атмосфералық фронттар еліміздің басым бөлігіне әсерін сақтайды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Әсіресе оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болжанады.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, шығысы мен орталығында тұман түседі.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан Павлодар облыстарының солтүстік-шығысында, Павлодар, Абай облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: 
17 мамыр 2024 ж. 261 0