Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет 21-23 мамыр аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады.

«Атмосфералық ағындардың әсерінен барлық облыстарда найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейіп, жаңбыр жауады. Тек кей күндері ғана батыс облыстарда жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтап, түнде 2 градусқа дейін суытады. Ал оңтүстік-батыс ағындары мамыр айында күндізгі температураның көтерілуіне ықпал етеді. Айталық батыс, оңтүстік облыстарда 18-28 градусқа дейін, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда 15-23 градусқа дейін көтеріледі, тек 23 мамырда елдің солтүстігінде ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендейді»,- делінген хабарламада.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз 
20 мамыр 2024 ж. 147 0