22 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамы бойынша Алматы облысының таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республика бойынша тұман түсіп, екпінді жел соғады.
Қарағандының оңтүстігінде, Қостанайда, Атыраудың солтүстік-батысында, Қызылорданың шығысында, батысында, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батыста, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аймақтарында төтенше өрт қаупі бар.
baq.kz