23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, түнгі сағаттарда Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Сурет: ашық дереккөзден