Қызылордада таза былғарыдан аяқ киімдер шығарылады

Сапалы тері өнімдерінен түрлі аяқ киімдер жасап, көпшілікке ұсына бастаған «Shoes service» шеберханасы өз жұмысын 2017 жылы бастаған.
– Аяқ киім жасауға тігін машинасын, станоктарды пайдаланамыз. Арнайы қалыптарымыз бар. Аяқ киімдер тек таза былғарыдан тігіледі. Дизайны, үлгісі тапсырысқа қарай дайындалады. Ал, күнделікті киетін аяқ киімдер ерлер мен әйелдерге және балаларға арналып тігіледі. Бұдан бөлек, аяқ киімдерді тазалау және қалпына келтіру сынды жұмыстарды да атқарамыз, – деді «Әрекетке берекет» айдарының кейіпкері, шебер Айдос Үмбетов.
Шебер бұл кәсіпті 2010 жылдан бастап игерген. Қазір шеберхана әр түрлі мезгілге арналған аяқ киімдер топтамасын тігіп, тұтынушыларға ұсынып отыр.

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: ашық дереккөзден