ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ QS WUR ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГІНДЕ

Сарапшылар QS World University Rankings рейтингін жасау кезінде әлем университеттерін келесі критерийлер бойынша бағалайды:
* Академиялық бедел- 30%
* Дәйексөздердің орташа саны– 20%
* Жұмыс берушілер арасындағы бедел– 15%
* Түлектерді жұмысқа орналастыру– 5%
* Оқытушылар құрамының студенттер санына арақатынасы– 10%
• Шетелдік студенттердің үлесі– 5%
* Шетелдік оқытушылардың үлесі– 5%
* Халықаралық зерттеу желісі – 5%
* Тұрақтылық – 5%
Университеттер әр критерий бойынша бағаланады, содан кейін осы бағалардан университеттің рейтингтегі орнын анықтайтын жалпы балл шығарылады.
Биыл әлемнің 106 елінен 5663 жоғары оқу орны қатысты, рейтингке қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті (2963). Рейтингке 1503 ЖОО кірді, оның ішінде 21-і қазақстандық ЖОО.
Университет ұжымын құттықтаймыз және нәтижелі жұмыс тілейміз!!!