Баба рухын ұлықтау – ұрпаққа парыз

Бүгінде бабамыздың есімін келешек ұрпақтың жадында мәңгі жаңғырту мақсатында Ақирек ауылдық округіндегі «Арыстан баб» кесенесіне жаңадан түнеухана, автотұрақ, қонақ үй ғимаратын салып, шығыс үлгісінде абаттандыру қолға алынуда. Бұл мүмкіндікті ұтымды пайдаланғанда туризм саласын өркендетуге, қасиетті орынға алыс-жақыннан тәу етіп келушілердің өзі қалағандарындай мінәжат қылуларына мол мүмкіндік тумақ. Себебі, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік көлік дәлізі арқылы жүрген жолаушылар тау биігінен еңіске көз тіксе, баба жатқан тұсты алақандағыдай анық көріп, бағыт бұрады. Баянды бастама толыққанды іске асқанда бабаның орны адам танымастай өзгереді деп күтілмек. Айнала толық жарықтандырылып, ауыз су тарту мен абаттандырылуы да назарға алынбақ. «Жер киесіз болмайды, ел иесіз болмайды» деген сөз ақиқатқа айналарына сенім мол.
Осынау игі істі қолдау мақсатында «Ақиректе Арыстан баб» қоғамдық қоры құрылды. Бұл барша аралдықтарды баба рухына тағзым етуге, туған өлкеміздегі киелі мекенді көркейтуге таптырмас мүмкіндік деп білеміз. Осы бағыттағы жұмыстарға біркісідей атсалыссақ, баба алдындағы өзіміздің үлесіміз болмақ.
Н. ОСПАНОВ,
Арал ауданының құрметті азаматы
Қоғамдық қор реквизиттері:
«Ақиректе Арыстан баб» қоғамдық қоры
БСН/ЖСН:240540025041
БСК:HSBKKZKX
КБе:18
ЖСК:KZ05601A201002165271
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ