Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қарызсыз қоғам» жобасының оқу курсы өз мәресіне жетті

«Қарызсыз қоғам» жобасының оқу курсы өз мәресіне жетті

Ауданымызда биылғы жылға жоспарланған «AMANAT» партиясының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» жобасының оқу курсы өз мәресіне жетті.
«AMANAT» партиясының бастамасымен, ҚР Үкіметі және жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен қарапайым шаруалар мен ауыл азаматтары аудан жастарына өткен 2-айлық оқу курстарында жеке және отбасылық бюджетті қалыптастыра білудің артықшылықтарын меңгеріп шықты.
Азаматтар тауарлық несиеге үміт артпай қажетті тауарлар мен қызметтерді алу мүмкіндігін саралауды үйренді, тұрғындар несие мен қарыздың тұзағына түспеу жолдарын талдауға дағдыланды.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел азаматтарының шамадан тыс несие алуына алаңдаушылығын білдіріп, азаматтардың шамадан тыс несиеге байлануын қоғамдағы өте өзекті әрі әлеуметтік маңызға ие басты мәселе деп бағалады.
"Толқын" ақпарат

02 шілде 2024 ж. 148 0