Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы уақытта +43 градус ыстық болады

Алдағы уақытта +43 градус ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон өз ықпалын сақтайды, соған байланысты жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады.

Жаңбыр 5 шілдеде солтүстік-батыста, 5-6 шілдеде солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста, 4-6 шілдеде шығыста болады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Сондай-ақ, еліміздің батысында күндіз +33+43°С дейін өте қатты ыстық болады деп болжанады.

Сурет: ашық дереккөз 
03 шілде 2024 ж. 156 0