Елімізде 45 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі
Синоптиктер 25, 26, 27 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандардың болжамынша, алдағы тәуліктерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде республиканың солтүстігінде найзағай ойнап, жел күшейеді, қатты жаңбыр жауады.
«Күндіз ауа температурасы батыста +23+33, солтүстік-батыста +15+28, солтүстікте +18+28, орталықта +25+35, республиканың шығысында +25+37, оңтүстігінде +35+45, оңтүстік-шығыста +35+43 градусқа дейін көтеріледі», делінген хабарламада.
Сурет: ашық дереккөз