Шойын жолда шыңдалған жан

2015-2016 жылдары «Локомотив» АҚ Сексеуіл локомотив пайдалану депосының ауысым шебері болған кейіпкеріміз өз жұмысына деген жауапкершілік пен еңбегінің арқасында жетістікке жете білді. Әрине, адал еңбектің елеусіз қалмасы анық. Еркебұлан Аяғановтың да еңбегі еленіп, соның нәтижесінде «Локомотив» АҚ Сексеуіл локомотив пайдалану депосының аға шебері қызметіне ауыстырылады. Жас болса да, өзі сүйетін істі жасау оны одан әрі биікке сүйреді. Білгір маман 2017-2019 жылдар аралығында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «ГП-Қызылорда бөлімшесі» филиалының қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің бас маманы, 2019 жылдың 14 қазанынан бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «ГП-Қызылорда бөлімшесі» филиалының Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған. Адам еңбегінің арқасында биіктеген сайын артылар міндет пен жауапкершілік те ауырлайды емес пе?!
Ол 2022 жылы 18 сәуірден бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «ГП-Қызылорда бөлімшесі» филиалының Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының міндетін атқарушы болып бекітіледі. Бүгінде басшылыққа тән ұйымдастыру қабілеті мен ісіне деген сүйіспеншілігінің арқасында 400-ге жуық қызметкер жұмыс жасайтын мекемені бір отбасыдай ұстап отыр.
Еңбек жетістікке жеткізетіні белгілі. Еркебұлан Аяғанов та ерен еңбегінің арқасында 2017 жылы Тәуелсіздік күніне орай сол кездегі Арал ауданының әкімі М.Оразбаевтың Алғысымен марапатталса, 2019 жылы Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы әкімі Қ.Ысқақовтың Алғысы да марапаттарының қатарын толықтырып тұр. Мұнан бөлек 2019 жылы Көлік қызметкерлері күні қарсаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қ.Сауырбаевтың Құрмет грамотасы мен 2020 жылы Көлік қызметкерлері күні қарсаңында Қызылорда облысының әкімі Г.Әбдіхалықованың Алғысын алған.
Сонымен қатар ол 2019 жылы «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болашақ басқарушылар легін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «100 жас есім» байқауының жеңімпазы атанып, төсбелгісімен, «Үздік депутат-2021» төсбелгісімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл» мерекелік медалімен, 2021 жылы «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Үздік маман» атағымен марапатталған. Сондай-ақ кейіпкеріміз 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталса, Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Ш.Баймановтың "Үздік волонтер" номинациясымен марапатталған. Сонымен бірге кейіпкеріміз облыстық мәслихат депутаты болса, бүгінде аудандық мәслихат депутаты. Ол депутат ретінде аудан тұрғындары мен теміржолшылар үніне құлақ түріп, қолдау білдіріп келеді.
"Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле"-деп Мұхтар Әуезов атамыз айтпақшы, бүгінгі кейіпкеріміз Еркебұлан Бауыржанұлы елі үшін еткен еңбегінің берекетін көріп отырған жан. Осы орайда кейіпкерімізді төл мерекесімен құттықтай отырып, әлі де алар асуының көп болуына тілектеспіз.
А.НҰРЛАНОВА