Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік тіл маңызға ие

Мемлекеттік тіл маңызға ие

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Ұлттық құрылтайда: "Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным. Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық. Қазір ірі кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі туындылардың үлесі арта түсті. Соңғы кезде баспагерлердің жаңа буыны әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды аударып жүр. Көптеген кітаптарды шығарып жатыр. Аударылған кітаптардың ішінде көркем әдебиет қана емес, іскерлік бағыттағы туындылар да көп. Мемлекеттік саясаттың мәні – осында. Ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажеттілікті арттыру арқылы тіліміздің тұғырын нығайта береміз. Мемлекеттік тілге қатысты құр сөзден ештеңе шықпайды. Ең бастысы, нақты іс болуы керек"деген болатын. Расында Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, ауқымын кеңейту мақсатында ел көлемінде көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кеше біз осындай шаралардың біріне куә болдық.
Тіл саясатын іске асыру, ономастика және көрнекі ақпарат мәселелеріне орай зерделеу жұмыстарын жүргізу, әдістемелік көмектер көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық қоғамдық даму басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Ләззат Жұмаханқызы және облыстық тілдерді оқыту орталығының бөлім басшысы Гүлбану Ғарифоллақызы ауданға арнайы келіп, тіл саясаты төңірегіндегі бірқатар мәселенің шешімін табар жол көрсетті, жұмыстардың барына көз жеткізді.
Алдымен Қамыстыбас және Аралқұм ауылдық округінде болып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген қонақтар қалада да осы жұмыстарын жалғастырды. Осы шара аясында аудандық мәдениет үйінде болған олар хабарлама жасады.
"Мемлекеттік тіл саясаты мәселелері" тақырыбындағы көшпелі семинарда сөз алған Л.Жұмаханқызы:
– Мемлекеттік тіл саясаты – ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы былтыр Түркістан қаласында және биыл Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтай отырыстарындамемлекеттік тіл мәселесіне тоқталып,«Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу – мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала беретінін, сондай-ақтіліміздің тұғырын нығайтып, оны ғылым мен білімнің тілі ету бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізіле беретіндігін айтты. Жалпы, мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жұмыстарында ҚР Конституциясы, «Тіл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының 2023-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары басшылыққа алынады. Тұжырымдаманы іске асыруға орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жауапты, – дей келе призентация арқылы тұжырымдама, "Тіл туралы" Заң, ондағы өзгерістер туралы кеңінен баяндап, 21-баптағы өзгерістерді толық түсіндірді.
Сонымен қатар жүргізілген талдау көрсеткендей, ісқағаздарында мемлекеттік тілдің қолданылуы өз деңгейінде жүргізілмей отырғанын басшылыққа ала отырып, мекемелердің, ұйымдардың ісқағаздарында мемлекеттік тілдің 100 пайыз қолданылуын қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізіп, шаралар қабылдау қажеттігіне баса тоқталды. Мұнан бөлек ономастика мәселесіне тоқталып, алдағы істелетін жұмыстарды назарға салды.
Өз кезегінде Гүлбану Ғарифоллақызы да «Тілдерді оқыту орталығы: Ізденіспен нәтиже» тақырыбында хабарлама жасап:
– Бүгінде мемлекеттік тіл – ұлттық сана мен биік рухты қалыптастыруға апаратын сара жолға айналып келеді. Қоғамда қазақ тілінің қажеттілігі орныға бастады. Соңғы жылдары мемлекеттік тіліміздің қоғамның барлық саласы мен мемлекеттік басқару жүйесінде қолдану аясы кеңейді. Елімізде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында қабылданған маңызды құжаттар Сыр өңірінде де жүйелі түрде іске асырылып келеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы №914 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» тілдік капиталды дамыту бойынша Тілдерді оқыту орталықтарына ауқымды міндеттер жүктеліп отырғанын және қазақ тілінің дамуы үшін қызмет етіп жатқан Орталықтардың өзіндік орны бар екенін, сондай-ақ, тілдерді дамыту басқармалары қысқарып, мәдениет, ішкі саясат басқармаларымен бірігуіне байланысты, олардың атқаратын кейбір функциялары Орталықтарға жүктелген де білесіздер, – деп, орталықтың қандай бағытта жұмыстар атқарылып жатқаны, қандай жетістіктері бар, сонымен бірге оқыту курстары жөнінде атап өтті.
Оңталап ЖОЛДАСОВ
06 тамыз 2024 ж. 149 0