Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жартыжылдық жұмыс қорытындылары шығарылды

Жартыжылдық жұмыс қорытындылары шығарылды

Шілде айының 19 жұлдызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқалы жиыны болып өтті. Онда өңірлердің 1 жартыжылдық жұмыс нәтижелері қорытындыланды.
2024 жылдың І шілдедегі жағдайы бойынша Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3 349 бірлікті құрайды. Оның 15-і саяси мемлекеттік қызметші, 3 334-і «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері.
Бос орындар саны-56(1,7 %) құрайды. Айта кету қажет, бос орындарды дер кезінде мамандармен толтырып отыру көрсеткіші бойынша біздің өңіріміз көш басында.
Басшы лауазымдағы әйелдер саны – 305 (9,3%) құрайды.
Нақты қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің 3 129-ы немесе 95,1% жоғары білімді.
Аймақтағы 790 (24%) мемлекеттік қызметші 35 жасқа дейінгі жастар.
Мемлекеттік қызметшілердің 3 274-і (99,5%) қазақ ұлтының, қалған 19-ы өзге ұлт өкілдері.
Өңірімізде 24 Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, 4 «Болашақ» бағдарламасының түлектері мемлекеттік қызметте жұмыс жасайды.
Есепті кезеңде 36 қызметші немесе 1,1%өз еріктерімен қызметтен кеткен. Өткен жылдың І ж.ж. бұл көрсеткіш 37 (1,1%) құраған. Яғни, осы кезеңде кадр тұрақтылығы қамтамасыз етілген деп айтуға болады.
Сонымен қатар, 2 мемлекеттік қызметші теріс себептермен жұмыстан босатылған(екеуі де білім саласының басшылары).
Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге үміткерлерді тестілеуге 1201 адам қатысып, оның 292 немесе 24,3% шекті мәннен төмен емес нәтижеге ие болды.
Құқық қорғау органдарына алғаш кіретін азаматтарды тестілеуге
320 адам қатысып, оның 94 немесе 29,4%өтті.
Қызылорда облысындағы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда 322(оның ішінде, ішкіконкурс – 157,жалпы конкурс – 165) бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізілді.
Конкурстарға 395(оның ішінде, ішкі конкурс – 95, жалпы конкурс – 300)адам қатысып, орта есеппен бір орынға 1,3 адамнан келді.
Өткізілген конкурстар нәтижесінде 217(оның ішінде, ішкі конкурс – 84, жалпы конкурс – 133) үміткер бос лауазымдарға қабылданды.
Ішкі конкурстардың нәтижесімен жұмысқа қабылданған 84 үміткердің 60-ы, яғни 71,5%(жергілікті атқарушы органдар бойынша 78,8%) жоғары лауазымдарға тағайындалды. Осы көрсеткіштерден өңірімізде меритократия қағидатына басымдылық беріліп келетінін байқауға болады.


2023 жылдан бері аудандық және ауылдық елді мекендерде мемлекеттік органдардың төменгі бос лауазымдарына мемлекеттік грантпен үздік бітірген түлектерді қызметке орналастыру жұмыстары жалғасуда.
Өткен кезеңде қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңының осы тетіктерін пайдалана отырып, 3 түлек бос тұрған лауазымдарға тағайындалып, қызметтерін атқаруда.

Әдеп жөніндегі кеңеспеналты айда 6отырысөткізіліп,34мәселе қаралды.Қаралған мәселелердің 13тәртіптік істер болса,
21 профилактикалық бағыттағы есептер мен талдау қорытындылары.
Яғни, қаралған мәселелердің38,2% тәртіптік істер, 61,8%профилактикалық бағыттағы есептер мен талдау қорытындылары.
Кеңес отырыстарында Әдеп кодексінің талаптарын бұзу бойынша 2тәртіптік іс, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар бойынша11тәртіптік іс қаралды.
Нәтижесінде 9тәртіптік іс тоқтатылса, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін 1 қызметші, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 3қызметші тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды. Барлық қаралған мәселелер жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді. Осылайша, қабылданып жатырған шешімдердің ашықтығы қамтамасыз етіліп келеді.
Профилактикалық мәселелерді қарау нәтижесімен Әдеп жөніндегі кеңеспен 117 ұсыныс енгізілді. Ұсыныстар толығымен орындалды.
Сонымен бірге, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен 64 жеке қабылдау өткізіліп, 104азамат қабылдауда болды.
Мемлекеттік қызмет саласынбақылау бағытында 76жолданым қаралған, оның ішінде 33басқармамен құзыреті шегінде қаралды, 42 басқа органдарға жолданды, 1жолданым иесінің өтініші бойынша қараусыз қалдырылды.
Бұл бағытта барлығы 23тексеру жүргізілді, оның ішінде 6 профилактикалық бақылау шаралары және 17жоспардан тыс тексерулер.
Барлығы 143бұзушылық анықталып, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама бұзушылықтарын жою туралы мемлекеттік органдарға 11 нұсқама енгізіліп, нұсқамалар толық орындалды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағытына тоқталатын болсақ, өңірімізде мемлекеттік органдармен 374мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі (жергілікті атқарушы органдармен - 173,аумақтық мемлекеттік органдармен – 201).
Жалпы облыстағы қызмет беруші мекемелер тарапынан
есепті кезеңде 3 417749қызмет көрсетілген. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен – 2 925880(85,6%),аумақтық мемлекеттік органдармен – 491 869(14,4%).
Бұл бағытта барлығы 35 бақылау іс шаралары өткізілді, оның ішінде: профилактикалық бақылау –6, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша– 21тексеру, мемлекеттік органдардың хабарламалары бойынша– 8тексеру жүргізілді.
Профилактикалық бақылау, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша тексеру және қашықтықтан мониторинг нәтижесінде жалпы 2081бұзушылықанықталды.
Ең жиі орын алатын бұзушылықтардың қатарында: қызмет көрсету тәртібін бұзу – 1500;жұмыс кестесін сақтамау – 363; мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу – 119;артық құжаттар талап ету– 62 дерек және өзге де бұзушылықтар бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 36өтініш түсті, 21-і бойынша тексерулер жүргізілді, негізді жүгінгендердің ішінен 7қызмет алушының дәлелдері расталып, құқығы қалпына келтірілді және қорғалды.
Мемлекеттік органға сұрау салу арқылы 1қызмет алушының дәлелдері расталып, құқығы қалпына келтірілді.
Рұқсат құжаттарын беру мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін
ҚР ӘҚБтК - нің 465 – бабыбойынша лауазымды тұлғаларға19әкімшілік хаттаматолтырылып, 1 070 680 теңгекөлемінде айыппұлсалынды.
Басқа да бұзушылықтарға жол бергені үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 56қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.
Есепті кезеңде 29мекемеде қоғамдық мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кемшіліктерді жою бойынша 10ұсыныс енгізілді.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласы мен аудандарда
20қоғамдық қабылдау жүргізіліп, 171азаматқа тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді.
Қоғамдық кеңестердің10отырысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағыты бойынша – 19мәселе қарастырылды.
Департамент жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының2отырысы өткізіліп, хаттамалық тапсырмаға сәйкес 8 мемлекеттік органға 19ұсыныс берілді.
«Елге қызмет» арнайы телебағдарламасының 13жобасы жарық көрді.«Ең алдымен адамдар» арнайы оқу бағдарламасының 8семинары өткізілді, оның ішінде 235тыңдаушы қамтылды.
57онлайн жәрмеңке өткізілді, оның ішінде 21 (қалалық) облыстықжәне 36аудандық деңгейде. Онлайн жәрмеңкеге қатысушыларды қамту саны – 9998.
Жалпы осы жұмыстардың барлығы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының артуына, азаматтарға қолайлы жағдайлар жасауға, бір сөзбен айтқанда клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған.
Негізгі бағыттардың бірі бұл арыз шағымдармен жұмыс.
2024 жылдың 6 айында Департаментке барлығы 153өтініш келіп түскен, оның 147 жеке, 6 заңды тұлғадан.
Азаматтарды жеке сұрақтарымен 37 рет қабылдау өткізіліп, барлығы 57 адам қабылданды.
Есеп беру мерзімінде 151 өтініш қаралды, оның: 98 - сәйкесінше түсіндірме берілді, 5–тоқтату туралы шешім қабылданды, 48(31%)- басқа мемлекеттік органдарға жіберілді.
Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан – 61 шағым, 59 арыз, 33 – өзге өтініштер. Барлық өтініштер бойынша белгіленген мерзімдерде заңды шешімдер қабылданды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында және департаменттің қызметі туралы әлеуметтік желілерде барлығы1313 жазба жарияланды.
Алдағы уақытта да аумақтық департамент алдына қойған негізгі мақсаттарды орындау бағытында кешенді жұмыстарды жалғастыратын болады.
Е. МЕНДАЛИЕВ,
Департамент басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы

Сурет: qazaly.kz

09 тамыз 2024 ж. 122 0