Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындардың сауалы назардан тыс қалмайды

Тұрғындардың сауалы назардан тыс қалмайды

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.
Олар қозғаған мәселелердің дені жұмыссыздық. Тұрғын үй алу мәселесін де көтерген тұрғындар бар.
Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Көтерілген мәселелерге қатысты жауапты сала мамандары әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады. Келушілердің кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме жауапты, мәселесінің шешілу жолдарын сала басшыларымен бірлесе нақтылады.
Аудан басшысы барлық сауал мұқият зерделеніп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді. Қабылдауда айтылған өтініштердің оңтайлы шешілуін қадағалау үшін жауапты бөлім басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
10 тамыз 2024 ж. 103 0