Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады

Аудан әкімі тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері мен өтініштері бойынша қабылдады.
Бүгінгі қабылдауға келушілердің дені тұрақты жұмысқа орналыстыру, тұрғын үй және көшеге асфальт төсеу мәселелерін қозғады.
Келушілердің ұсыныс-пікірі, өтініші, сауалдары әрдайым мамандар талқысынан өтеді. Әрқайсының себеп-салдары жіті зерттеліп, шешімі заң аясында қарастырылады. Кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде береді. Осылайша қабылдауға жазылған азаматтың көтерген мәселесінің шешілу жолы көрсетіледі.
Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Арал ауданы әкімдігі
16 мамыр 2024 ж. 295 0