Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі кезек тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады

Аудан әкімі кезек тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады

Кеше аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауда 1 азамат онлайн түрде сауалын жеткізсе, 7 азаматша келіп өз мәселесін айтты.
Келушілердің басым көпшілігі тұрақты жұмысқа орналасу мәселесін көтерсе, бірі тұрғын үйге жөндеу жүргізуге жәрдем жасауды сұрады.
Алдымен тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтарға кәсіпкерлік нысандар мен мекемелерден түскен сұраныс бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Тұрғындардың өтінішіне сай мамандығына сәйкес және қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, жұмыс күші тапшы Солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға болатынын айтып, аталған мүмкіндікті пайдаланудың тиімділігіне тоқтала өтті.
Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
24 мамыр 2024 ж. 231 0