Аудан әкімі тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады

Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Мамандар әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады. Келушілердің кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме жауапты сол жерде алды. Көтерген мәселесінің шешілу жолдарын білді.

Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
