Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүліктік дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Мүліктік дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы Ш. мен жауапкер И. арасындағы мүліктік дау партисипативтік рәсім (екі тарап адвокаттарының жәрдемдесуімен дауды реттеу) тәртібімен реттелді.
Сотта анықталғандай, талап қоюшы Ш. мен жауапкер И. 2012 жылдан 2024 жылдың сәуір айына дейін заңды некеде тұрған. Бірге тұрған жылдар ішінде ерлі-зайыптылар тұрғын үй мен автокөлікті болған. Қазіргі уақытта бөлек тұратындықтан талап қоюшы жауапкерден ортақ мүліктердегі үлесін өндіруді сұраған.
Істі негізінен қарау барысында тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген. Партисипативтік келісімнің шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшыға ортақ мүліктерден ½ үлесін беруге міндеттенген, ал талап қоюшы келісім шарттарын қабылдап, талабынан бас тартқан.
Партисипативтік келісімге тараптардың өкілдері қол қойып, сотқа бекіту үшін ұсынған.
Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6-тармақшасына сәйкес, сот, егер тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
Осыған орай, сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.

Арал аудандық соты
14 тамыз 2024 ж. 130 0