Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы елімізде суды ең көп пайдаланатын өңір

Қызылорда облысы елімізде суды ең көп пайдаланатын өңір

Kyzylorda-news.kz  Қазіргі уақытта судың басым бөлігін диқандар шаруашылыққа пайдалануда. Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" кәсіпорны еліміздің шаруаларына 7,58 млрд текше метрден артық су берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ – 3,36 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР Қызылорда облысы бойынша "Қазсушар" филиалы биыл дихандарға 3,36 млрд текше метр суармалы су берді. Мекеме дихандармен 965 келісімшарт жасаған. Бүгінгі таңда филиалдың каналдары 127,4 мың гектар алқапты сумен қамтамасыз етуде.

2. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – 2,23 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР Түркістан облысы бойынша "Қазсушар" филиалы суару маусымында өңірдегі егіс алқаптарына 2,23 млрд текше метр су жеткізді. Вегетация кезіңіне дейін 7055 шаруамен келісімшарт жасалған болатын. Бүгінгі таңда филиал 265,1 мың гектар жерді суармалы сумен тұрақты қамтамасыз етіп отыр.

3. ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ – 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР Сәуір айынан бері Жетісу облысы бойынша "Қазсушар" филиалы жергілікті шаруаларды 847 млн текше метр суармалы сумен қамтамасыз етті. Филиал 127,9 мың гектар егіс алқабына су беру жөнінде шаруалармен 8003 келісімшарт жасады.

4. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ – 665 МЛН ТЕКШЕ МЕТР Биылға вегетация кезеңінде Жамбыл облысының "Қазсушар" филиалы суармалы жерлерге 665 млн текше метр су берді. Бүгінгі таңда мекеме келісімшартқа отырған 3808 шаруаны тұрақты түрде сумен қамтып отыр. Филиал каналдары арқылы облыстың 90,15 мың гектар жері суарылады.

5. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ – 480 МЛН ТЕКШЕ МЕТР Суару кезеңі басталғалы Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы "Қазсушар" филиалы өңір дихандарына 480 млн текше метр су берді. Филиал шаруалармен суармалы су беру туралы 2740 келісімшарт жасады. Бүгінгі таңда 44,86 мың гектар егіс алқабына су беріледі.
15 тамыз 2024 ж. 144 0