Мас жүргізуші төрт жылға бас бостандығынан айырылды
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен айыпталған О-ның қылмыстық ісі қаралып, айыптау үкімі шығарылды.
Сотталушы О. сот үкімімен төмендегідей қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылған. Атап айтқанда ол, Қазалы аудандық сотының 26 наурыз 2021 жылғы қаулысымен жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, ағымдағы жылдың 27 маусымы күні алкогольдік масаң күйде мотокөлік басқарып, жол жүрісі қағидаларының талаптарын өрескел бұзып, басты жолда келе жатқан А-ның басқаруындағы «Toyota camry» автокөлігіне соғып, жол көлік оқиғасын жасаған.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес, бұл қылмыстық әрекет ауыр қылмыстар санатына жатады.
Сотталушының қылмыстық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.
Сот үкімімен О. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік құралын жүргізу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық соты