Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік айыппұлға жазаланды
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен Өзбекстан Республикасының азаматы А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, шетелдік азамат Қазақстан Республикасы аумағына жеке мақсатта келіп, заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарып, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен А. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұлға жазаланды.
Арал аудандық соты
Сурет: egemen.kz