Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес, қорғау нұсқамасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларының бірі болып табылады және оны бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (бұдан әрі - ӘҚБтК) белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қорғау нұсқамасы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді.
Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабының 1-бөлігімен, яғни қорғау нұсқамасын бұзған азамат Ш-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сот талқылауы барысында анықталғандай, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, полиция қызметкерімен құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы толтырылып, ол бойынша құқық бұзушыға жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіретін немесе психикалық залал келтіретін әрекеттер жасауға тыйым салынған.
Алайда, азамат Ш. алкогольдік масаң күйде әйеліне былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы адамдарға сыйламаушылық білдіріп, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған.
Сот қаулысымен Ш. ӘҚБтК-нің 461-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, АПБ-нің ерекше талап белгілеу туралы ұсынысы қанағаттандырылып, Ш-ның мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленген.

Арал аудандық соты

Сурет: www.gov.kz
04 қыркүйек 2024 ж. 116 0