Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан қысқы және жазғы уақытқа ауыса ма – министр жауабы

Қазақстан қысқы және жазғы уақытқа ауыса ма – министр жауабы

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Мәжіліс кулуарында елдің қысқы және жазғы уақытқа көшу мәселесі үш жылдан кейін ғана қаралатынын айтты.

Министр уақытты ауыстыру мәселесі шынымен де қызу талқыға түскенін, қазір де түрлі өтініштер түсіп жатқанын атап өтті.

«Петицияны қарау бойынша қандай нәтиже шыққанын білесіздер. Қысқы, жазғы уақытқа көшу тәжірибесі бізде болды. Қазір Украинада да осындай мәселе қарастырылуда. Олар да мұндайға жол бермеу туралы шешім қабылдады. Мұндай тәжірибе бұрын болғанын тағы да еске саламын. Депутаттың ұсынысы назар аударуға тұрарлық және оны қарастыруға болады. Петиция қорытындысы бойынша комиссия ықпал ету қорытындысын анықтау үшін, жүйелі негізде ғылыми қорытындыға рәсімдеу үшін уақыт қажет деген шешім қабылдады. Бұл маңызды мәселе, - деді А.Шаққалиев.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі үш жыл бойы қосымша зерттеулер жүргізеді.

«Біз ұсыныстарымызда Денсаулық сақтау министрлігі алдағы 3 жылда теріс әсер туралы зерттеу жүргізетінін айттық, өйткені біз оң әсер туралы көптен бері айтып келеміз», - деп толықтырды министр.


Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ​ernur.kz​​​
04 қыркүйек 2024 ж. 155 0