Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Стратегиялық жоспар – энергия тапшылығын болдырмайды

Стратегиялық жоспар – энергия тапшылығын болдырмайды

Бүгін АЭС салу мәселесі бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі штаб мүшелері «Стратегиялық жоспар – энергия тапшылығын болдырмайды» тақырыбында сала мамандарының және қала тұрғындарының қатысуымен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы – Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі болды. Қуат тапшылығының артуы және қазіргі энергетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында АЭС салудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында жиынға қатысушылар өздерінің пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойды. Олардың арасында АЭС құрылысының экологиялық қауіптері мен қоршаған ортаға әсері туралы да сұрақтар болды. Штаб мүшелері бұл мәселеге назар аударып, заманауи атом технологияларының қауіпсіздігі жоғары екенін және халықаралық стандарттарға сай құрылатындығын түсіндірді. АЭС-тердің радиациялық қауіпсіздікке қатысты қатаң ережелер мен талаптарға сай болатынын айтып, халықтың қауіпсіздігі бірінші орында тұрғанын айтты.
Сондай-ақ, кездесу барысында АЭС салу жөніндегі референдумның маңыздылығы да сөз болды. Штаб мүшелері Қазақстандағы демократиялық шешім қабылдау үдерісіне тоқталып, референдумның халықтың пікірін ескерудегі рөлін ерекше атап өтті. Халықтың референдумға қатысуы және өз көзқарасын білдіруі мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауда өте маңызды екенін айтты. Бұл тек елдің болашағы үшін ғана емес, әрбір азаматтың өз елінің дамуына тікелей үлес қосуына мүмкіндік беретін маңызды қадам екенін баса айтты.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
17 қыркүйек 2024 ж. 84 0