Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум – демократияның маңызды институты

Референдум – демократияның маңызды институты

Бүгін АЭС салу мәселесі бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі штаб мүшелері А.Асанбаев, Ж.Ерімбетов және Б.Мұстафаев денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Келелі кездесу барысында штаб мүшелері Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті. Соның ішінде Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды.
Аудандық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Арғынбай Асанбаев денсаулық сақтау саласының мамандарына атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы айтып, бұл болашақтың таңдауы екенін түсіндірді. «Қазіргі таңда элeктp қуaтының тaпшылығын көpшілeс eлдepдeн кeлeтін элeктp aғындapымeн жaуып oтыpмыз. Элeктp энepгиясын тұтыну жыл сaйын өсіп, зaмaн тaлaбынa сaй eлдің қaжeттілігі apтып жaтыp. Сoндықтaн eліміздің энepгeтикa жүйeсінің тұpaқтылығын қaмтaмaсыз eтeтін біpдeн-біp қaуіпсіз, сeнімді, экoлoгиялық тaзa AЭС жoбaсы бoлмaқ» - дeді.
Сондай-ақ жиын барысында штаб мүшелері атом электр станциясы экономиканың, өнеркәсіптің, білімнің, ғылымның дамуына тың серпін беретін аса маңызды жоба екенін жеткізді. АЭС түрлі тәуекелдің алдын алып, елімізді қуатты энергетикалық базасы бар прогрессивті мемлекеттердің қатарына қосатыны туралы кеңінен айтты.
Кездесуде ұжым мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасты.
12 қыркүйек 2024 ж. 196 0