Маймыл шешегі ауруынан сақтаныңыз

Аурудың негізгі көзі жабайы жануарлар: приматтар мен кеміргіштер (егеуқұйрық, тиін,т.б.).Аурудың жұғу мерзімі: 5-21 күн аралығы. Қазіргі індет кезінде басым жағдайда аурудың жеңіл өтетіндігі байқалған, бірақ халықтың белгілі бір топтары арасында (жас балалар, жүкті әйелдер, иммунитет тапшылығымеен ауыратын адамдар) ауыр ағымда өтетіндігі белгілі болған .
Таралу жолдары: Ауа тамшылары. Инфекциямен ластанған материалдар арқылы(қаны немесе биологиялық сұйықтықтары ластанған қоршаған орта арқылы) беріледі.
Клиникалық белгілерінде дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауыру, айналу, құсу, лимфотүйіндерінің ісінуі, ауыруы, арқасының ауыруы, бұлшық еттерінің ауырсынуы (миалгия) байқалады. Инфекцияның даму кезеңінде бөртпелердің пайда болып,науқас адамның бүкіл денесіне таралады. Тері мен өкпенің қайталама бактериялық инфекциясы қосылуы мүмкін.Науқас тек стационарлық жағдайда ғана ем алады.
Алдын алу шаралары:
-2019 жылы маймыл шешегіне қарсы жаңа екі дозалы, модификацияланған вакцина мақұлданды Әзірге вакцина қолжетімділігі шектелген.
-Маймыл шешек ауру жұқтырған немес күдікті адамдармен қорғалмаған жақын қарым-қатынастан аулақ болыңыз
-Қолыңызды жиі жуыңыз,сабын мен су, әсіресе науқас адамдарға күтім жасағаннан немесе барғаннан кейін
-Жабайы жануарлармен, әсіресе ауру немесе өлі жануарлармен байланыста болмаңыз
-Жануарлар еті немесе оның бөліктері бар барлық тағамдарды жеу алдында мұқият пісіріңіз.
А. САТЕКЕЕВА,
басқарма басшысы
Сурет: aikyn.kz