Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейбіт атом – береке, бірлік, болашақ

Бейбіт атом – береке, бірлік, болашақ

Бүгін АЭС салу мәселесі бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі штаб мүшелері «Бейбіт атом - береке, бірлік, болашақ!» тақырыбында түрлі сала мамандарының қатысуымен танымдық конференция өткізді.
Аудандық мәдениет үйінде өткен жиын барысында штаб мүшелері Қазақстандағы атом энергетикасының мүмкіндіктері мен сын-қатерлері туралы маңызды мәселелерді атап өтіп, елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуде атом энергетикасының рөлі зор екенін жеткізді.
Конференцияға қатысушылар Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз көзқарастарын айтып, ашық диалог алаңында еркін пікір алмасты.
Сондай-ақ, кездесуде штаб өкілдері халықтың референдумға қатысуы және өз көзқарасын білдіруі мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауда өте маңызды екенін айтты. Бұл тек елдің болашағы үшін ғана емес, әрбір азаматтың өз елінің дамуына тікелей үлес қосуына мүмкіндік беретін маңызды қадам екенін баса айтты.
"Толқын" ақпарат



18 қыркүйек 2024 ж. 101 0