Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел ағасы

Ел ағасы

«Әуелгі байлық денсаулық деп халық бекер айтпаған. Пайғамбарымыз мен денсаулықтан бөтенді тілемес едім» – деген Құран хадисте. Біз сөз еткелі отырған Өтегенов Жеткерген Жанәділұлы 1944 жылы 10 ақпан айында дүниеге келген. Атасы азан шақыртып, мешіттен дәріс алып, ұрпағының баянды болашағын тілеген Алла! Жеткергейсің – деп перзентіне Жеткерген ден ат еншілеген. Өзінің туған ауылы №19 Аралтұз орта мектебін жақсы аяқтап, арман қала Алматыға барып, Алматы мемлекеттік медицина институтына түскен Жеткерген туған жерге туыңды тік деген тәмсіл аясында елге қызмет қылуға белсеніп кірісті. 1969 жылы балалар дәрігері мамандығы бойынша бітірген соң Арал аудандық ауруханасына келді. Еңбек жолын осы жерден бастаған ол балалар дәрігері атанды 1973 жылы аудандық аурухана бас дәрігерінің аналар мен балаларға дәрігерлік көмек көрсету саласы бойынша орынбасар қызметіне тағайындалды. 1985 жылы ауылдық аурухана қызметін жақсарту мақсатында Қамыстыбас ауылдық ауруханаға бас дәрігер қызметіне келіп, сол жылдары Сыр бойының халқының өтінішімен, депутаттық сауал жасап, аудан орталығынан жол қашықтығын билік назарына жеткізді. Соның нәтижесінде Сыр бойындағы 4 ауылдық аурухана біріктірілді. Арал аудандының «Құрметті азаматы» Өтегенов Жеткерген Жанәділұлы аудан халқы арасында шебер ұйымдастырушы тәлімгер дәрігер, белсенді де беделді де азамат ретінде ел аузында.
Қызметте, қоғамда, абыройға ие болуына ғибратты ғұмыр иесі 52 жыл бірге шаңырақ құрған жұбайы Жұмагүлмен ұл-қыз өсірді. Балаларының барлығын қияға қанаттандырды. Еңбегі өлшеусіз, жүрген ортада сыйлы жан. Екі қыз бала Алматы қаласында тұрады, екеуі балалы, шағалы шаңырақ. Баласы Әділжан қолында. Арал қаласында «Отбасын» қолдау мекемесінде жауапты қызметте. Қазіргі таңда 7 немере, 3 шөберенің қызығын көріп отырған өнегелі ата.
Адам жақсы қартайғанға не жетсін?! Жамбыл атаның жасына жет, Жеткерген!
Жеткерген Жасанов,
Сапақ ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы
08 қазан 2024 ж. 105 0